Халық банк: 87 жастағы тыл ардагерін ешкім мазақ еткен жоқ

Халық банкінің өкілдері Қостанайда 87 жастағы тыл ардагерінің әрекетіне ешкімнің де күлмегенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Банктегілер бұл оқиға туралы өз нұсқасын айтып берді.

Банктің мәліметінше, 1930 жылғы клиент баласымен және немересімен 16 ақпанда сағат 10.40-та Қостанайдағы банк бөлімшесіне барған. Осыдан кейін ереже бойынша банктегілер әжейдің қол қойып беруін және жеке куәлігін сұраған. Клиент осы кезде қажетті құжатқа өз бетімен қол қоя алмаған, сондықтан кассир қажетті құжатты бере алмаған.

Осыдан кейін, банктегілердің айтуынша, бөлім басшысы клиентке ыңғайлы болуы үшін баласы мен немересін өз бөлмесіне шақырып, әжейдің сонда қол қоюын сұраған. Бірақ қарт әже сонда да қол қоя алмаған. «Баласы әжесіне құжатқа қол қоюға көмектесуге әрекеттенді, бұл ҚР заңнамасына қайшы, сондықтан бөлім басшысы зейнетақы алу туралы құжатты Қазпошта арқылы үйге жіберуді немесе жақын туыстарына сенімхат арқылы алдыру жолдарын ұсынды. Әңгіме барысында клиенттің немересі оқиғаны видеоға түсіре бастады, оған күзет қызметкері барып, видеоға түсіруге болмайтынын әдеппен жеткізді. Әжей зорыққаннан жағдайы нашарлап, бөлім басшысы жедел жәрдем шақыртқан. Баласы нотариусқа кетіп, немересі әжесімен бірге қалды. Дәрігерлер келген соң, әжейге бөлім басшысының бөлмесінде екпе салды, осыдан кейін әжесі мен немересі кетіп қалды. Банк персоналының ешқайсысы күлген жоқ, бас банк филиалдан оқиғаның видеосын сұратты. Видеода тәртіптің бұзылғаны туралы жағдай бейнеленбеген. Әлеуметтік желіде атылушы жазба қалдырған Қабықова Айгүлдің өзі оқиға орнында болмаған. 18.04-те клиенттің баласы сенімхатпен келіп, қажетті қызметті алды» деп мәлімдеді Халық банкіндегілер.

Еске салайық, осыған дейін облыс орталығының тұрғыны Айгүл Қабықова «ВКонтакте» желісіндегі «Костанай. Отзывы о заведениях» парақшасында Халық банкінің филиалының қызметкерлері 87 жастағы тыл ардагеріне күлді деп мәлімдеген болатын. «Күзетші болса әжемізді мектепте дұрыс оқымаған деп айтты. Менеджерлер тағы да күлді…» делінген еді шағымның мәтінінде.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *