Қостанай облыстық жүйке диспансерінің бұрынғы бас дәрігерін өлтіріп кетті

Кеше Қостанайда танымал дәрігер, облыстық психиятриялық диспансердің бұрынғы басшысы Рашида Сандыбаеваның қатыгездікпен өлтірілген денесі табылды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облыстық ІІД бұл ақпаратты қысқаша түсіндірді: «Адам өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды». Қосымша мәлімет берілмеді. Сонымен қатар Қостанайда дәрігердің бірнеше жерінен пышақталып өлтірілгені туралы ақпарат қызу талқылануда. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің дереккөзі бойынша, Р.Сандыбаева жалғыз өмір сүрген. Туыстарынан тек екі бауыры болған. Рашида Сандыбаеваны еске алу туралы хабар Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған. Оның авторлары атап өткендей, ол өмірінің 30 жылын дәрігерлік ісіне арнаған.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *