Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентімен кездеседі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездеседі. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.

Кремль сайтының мәліметінше, Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы, эәнергетика мен ғарыш, сондай-ақ, күн тәртібіндегі басты халықаралық мәселелерді талқылайды.

Содан кейін, сол күні Владимир Путин Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның шақыртуымен Душанбе қаласына барады. 28 ақпанда Ресей Президенті ресми сапармен Қырғызстанға сапарлайды.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *