Қостанайлық қария шаңғымен 80 шақырымдық саяхат жасады

70 жастағы қария арасы Қостанайдан 80 шақырым жердегі Федоровка ауылына дейін шаңғымен 2,5 күндік саяхат жасады деп хабарлайды «Наша газета».

Басында Мұхамедқали Асқаров бұл аралықты үш күнде өтемін деп ойлаған екен. Ол саяхатын 21 ақпанда сағат 9:30-да бастап, 23 ақпанда сағат 13:00 шамасында межелеген орнына жеткен. Ол жерде қария Федоровка ауданының №4 мектеп оқушыларымен кездесті. Ал кейінірек сағат 19:00 шамасында көлікпен үйіне қайтқан.

«Бірінші күні жылы болды, бірақ, баяу жел және аздаған қар болды. Сол қалтамды жаппаған едім, қар толып қалыпты. Екінші және үшінші күндері суықтау болды. Соңғы күні көктайғақ жүрісті қиындатып жіберді. Дегенмен, мақсатыма жеттім және бұған дән ризамын. Қосалқы шаңғының қажеті болмады. Осы сапардан кейін Әулиекөлге батыл аттана берсем болады» деп өз әсерін бөлісті Мұхамедқали Асқаров.

Саяхат барысында қария екі рет түнеп шығу үшін аялдапты. Біріншісінде Озерный ауылындағы өз қарындасының үйіне, екіншісінде Успеновка ауылындағы мектеп директорының үйіне қонған. Сонымен бірге ол Воронеж ауылында түстенуге де бір тоқтаған.

«Федоровкадағы жігіттер несіне осылай саяхаттайсың деп сұрайтын. Мен жастардың қызыға бастағанын, кейбірі тіпті құлшынып тұрғанын байқадым. Көпшілік менің телефон нөмірімді жазып алды. Менімен жазғы саяхатқа, одан кейін су саяхатына барғысы келеді. Өмірімде алғаш рет менен қолтаңба сұрап отыр, бұған дейін мұндай болмапты» дейді қария.

Саяхаттан үйіне оралған Мұхамедқали ата, өзі жоспарлағандай, Қостанай облысы әкімінің бүгінгі халықпен кездесуіне қатысты.

ng.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *