Қостанайдан Түркияға теміржол арқылы жүк жөнелтілді

Бүгін тұңғыш рет Қостанайдан Түркияға теміржол арқылы жүк жөнелтілді. Бұл жүк Әзербайжан, Грузия мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл туралы Қостанай жүк тасымалдау бөлімі директорының орынбасары Ғани Есенбаев хабарлады.
Осылайша, мал азығы тиелген 38 вагон жаңа нарыққа жол тартты. Мұның ізін ала бидай мен ұн, өзге де ауылшаруашылық өнімдері экспортталады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылған. Жаңа тасымал бағыты қашықтықты 900 жүз шақырымға дейін қысқартып, шығынды азайтады, уақытты үнемдейді. Жүк вагондары бос қайтпайды, керекті тауарларды ала келмек.

«Құрық портына дейін екі тәулік кетеді. Одан әрі жүк пароммен кемеге тиеліп, Түркияға жол тартады. Вагондар бос келмейді. Біздің елге импортттық тауарларды жеткізетін болады. Енді бір жарым апта ішінде жүкті тиісті стансаға жеткіземіз деген ойдамыз. Жөнелтілім құжаттары ағылшын және орыс тілінде толтырылады. Бұл порттардан өту барысында кеден операцияларын ресімдеуді жеңілдетеді» деді Ғ.Есенбаев.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *