Қостанайда кооператив басшысы мемлекет қаржысын ұрлаған

Қостанай облысындағы шаруашылық кооперативінің қызметкері ірі көлемдегі мемлекеттік субсидия қаржысын жымқырған. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық іс Жітіқара аудандық сотында қаралды. 1966 жылы туған азамат У. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотталды.
«Облыс тұрғыны У. өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында жалған құжаттар жасаған. Ол «Аграрий К» жеке кәсіпкерлігінің балансына құжат жүзінде асыл тұқымды бұқа және аналық ірі қара мал басын тіркеп, субсидия алған. Мемлекетке келтірген шығыны — 22,9 миллион теңге» делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Кооператив қызметкері субсидия ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған көрінеді.
Сот үкімімен У. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 7 жылға материалдық жауапты қызметті атқару құқығынан шеттетілді.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *