28.02.2018

Қостанайдың бірнеше көшесінің тұрғындары ауызсусыз қалды

Облыс орталығындағы бірнеше көшедегі тұрғын үйлер ауыз судан ажырады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қостанай Су» коммуналдық мекемесінің баспасөз хатшысы Мая Ақбасованың айтуынша, ауыз судың тоқтатылуына апаттық жағдайлар себеп болған. «26 ақпан күні таңғы 07:38-де Амангелді-1 мамыр көшелерінің қиылысындағы құбыр желісінің істен шыққаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар су беруді тоқтатты. Сол себепті бірнеше көшенің бойындағы тұрғын үйлер ауыз судан ...

Толығырақ »

Білім ресурсын кімдер былықтырып жіберді?

Астана қаласында  ҚР БҒМ білімнің барлық деңгейдегі басшыларынан цифрлы білім ресурстарын қажетсіз және жасанды пайдалануға жол бермеулерін сұрайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Білім және ғылым министрлігі Bilimland цифрлы білім ресурсын қолдану бойынша бірнеше ұйымға қойылған тапсырманың бұрмаланғаны туралы фактілердің болғанын мәлімдейді. Аумақтық Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мектептердің жекелеген басшылары «Bilimland» ресурсын ...

Толығырақ »

Қостанайда үш ер адам «Тополек» дүкенін тонап кетті (видео)

Қостанайда үш ер адам қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіріп, кассадағы ақшаны жымқырып кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. Оқиға бүгін түнде — 28 ақпанда болған. Видеодағы кадрлардан дүкенге үш ер адамның кіріп, ондағы қызметкер мен күзетшіні еденге жатқызып жатқаны көрінеді. Олардың екеуі күзетшіні ұстап тұрған, ал үшіншісі қыздан кассаны ашып, ақшаларды беруін талап еткен. Басылымның ...

Толығырақ »