Қостанай астығы Түркияға жол тартты

Биыл 1,5 тонна астық Қостанайдан Түркияға жөнелтіледі деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жақында Мерсинге қостанайлық «Асун» ЖШС-не тиесілі алғашқы астық партиясы жіберілді. Серіктестік басшысы Әскер Мәмедовтің айтуынша, түркиялық компаниялар қостанайлық дәнді дақылдарға қызығушылық білдіруде.
«Қостанайдан Түркияға тікелей бағыт ашыла салысымен біз де мүмкіндікті құр жібермеуге бекіндік. Әуелі бидайдан бастадық. Алдағы уақытта асбұршақ, жасымық сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктерді нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Түркиялық фирмалардың біздегі ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы жоғары. Біз де келіссөздерге дайынбыз» дейді Ә.Мәмедов.
Белгілі болғандай, биыл 1,5 тонна Қостанай астығы Түркияға жөнелтілмек. Оған 72 вагон қарастырылған.
Еске салсақ, былтыр тұңғыш рет Қостанайдан мал азығы тиелген 38 вагон Түркияға жеткізілген. Жаңа тасымал бағыты екі ел арасындағы қашықтықты 900 жүз шақырымға дейін қысқартып, шығынды азайтады, уақытты үнемдейді. Бұған қоса жүк вагондары бос қайтпайды, керекті тауарларды ала келмек.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Затобол кентінде тұрғын үй өртеніп кетті

Бүгін Қостанай ауданының Затобол селосында көпқабатты үйден өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *