Қостанайда ауыр жұмыс істейтін нәзік жандылар саны көбейген

Қостанай облысында металл өңдеу, кен өндіру саласында жұмыс істейтін әйелдердің қатары өскен деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Максим Моргуновқа сілтеме жасап.
Басқарма басшысы айтқандай, өңірде аса зиянды, қауіпті және ауыр мамандық бойынша 3 мыңға жуық адам жұмыс істеп жүр. Бұл облыстағы жұмыспен қамтылғандардың 2,8%-ын құрайды.
«Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бүгінде облыста 16,3 мың адам санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстарға тартылған. Оның ішінде 4,7 мыңы немесе 30%-ы әйелдердің үлесінде» деді Максим Моргунов. Облыста металл өңдеу, құрылыс, кен өндірісі сынды жұмыстарда нәзік жандылардың еңбегі көптеп пайдаланылады. Мәселен, «Қостанай минералдары» АҚ құрамында 600-ден астам әйел асбест өндіру жұмыстарымен айналысады. Бұдан бөлек «Варваринское» металл өндіретін кәсіпорнында 153 әйел жұмыс істейді.
Еңбек инспекциясы басқармасының мәлімдемесі бойынша, 81 әйел қауіпті деп саналатын қызметтерде еңбектенуде. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда өскен.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *