Ақбөкенді өлтірген қостанайлықтардан 1 361 400 теңге өндірілді

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі және орман шаруашылығына залал келтірілген екі қостанайлықты ұстады. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтық іс Ақмола облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап-арызы бойынша Арқалық қалалық сотында қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, ҚР азаматтары А. және В. жеке көлікпен ақбөкенді соғып өлтірген.
«Сот отырысында екеуі де тағылған айыпты толықтай мойындады. Азамат А. заңсыз аң аулауға шықпағандарын айтып, ақталды. Алайда, олар өлтірген ақбөкеннің етін бөліп алғылары келгендерін растады. Шығын көлемі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңына сүйеніп есептелді» делінген облыстық соттың хабарламасында.
Осылайша, сот үкімімен айыптылардан мемлекет тарапына 1 361 400 теңге қаражат тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанайлық кәсіпкерлердің бірыңғай базасы құрылады

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында алдағы жылға жоспарлар бекітілді деп ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *