Қостанайлық сақшы Әлем чемпионы атанды

Джиу-джитсудан Болгарияда өткен полиция және құқық қорғау органдарының арасындағы әлем чемпионатында қостанайлық спортшы жеңімпаз атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әскерилер арасындағы дәстүрлі турнир Болгарияның Банска қаласында өтті. Байрақты бәсекеге қатысқан Қостанай облыстық ІІД қызметкері Олжас Сақаулов 85 келі салмақ дәрежесінде бірден екі медаль ұтып алды. «Әлем чемпионы болу — әр спортшының арманы. Осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендік. Құқық қорғау органдары саласында 15 жылға жуық уақыт қызмет етіп келемін. Бұл — менің ең ірі жеңісім. Ендігі ойым Әбу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына қатысып, топ жару. Сәуір айында өтетін жарысқа дайындықты бастап кеттік» дейді спортшы.
Олжас алдымен «Неваза — систем» жүйесі бойынша өнер көрсетті. Ол бірінші кездесуінде жарыс иесі — болгариялықтан басым түсті.
«Жартылай финалда италиялықпен шықтым. Оның айлакер спортшы екенін алдыңғы бәсекелерінен-ақ білгенмін. Расын айту керек, бастапқыда ол менен басым түсіп отырды. Дегенмен, кездесудің аяқталуына 15 секунд қалғанда оны тізе бүктірдім. Сөйтіп, финалда украиналық джиу-джитсу шеберімен айқастым. Қарсыласымды 5 ұпай айырмашылығымен оңай ұттым. Мұнан соң «Файтинг-систем» жүйесі бойынша үздік үштікке кірдім» деді О.Сақаулов агенттік тілшісіне.

Олжас Сақаулов — Ресей ІІМ Омбы Академиясының түлегі. Джи-джитсумен 7 жасынан бастап айналысады. Оның қоржынында республикалық, Азия ойындарының бірнеше жүлдесі бар.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *