Қостанайда 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кетті

Қостанайда әйел адам 4-қабаттан құлап кетті деп хабарлайды alau.kz.
Оқиға 25 ақпанда болған. Бұл мәліметті Қостанай қалалық ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады.
Бөлім меңгерушісінің айтуынша, 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кеткен.
«Төтенше жағдайдың салдарынан әйел адам бас ми жарақатын алды. Оған ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр» деп хабарлады Марал Әбілқасымов.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *