Қостанайдағы Авиационная көшесіне Кәмшат Дөненбаева есімі беріледі

Қостанай қалалық әкімдігінде Қазақ және Авиационная көшелерін ауыстыруға байланысты қоғамдық тыңдау өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Былтыр бастамашыл топ Қостанай қаласындағы екі көшенің атын ауыстыру туралы қала әкімі Базыл Жақыповқа ұсыныс хат жолдаған-ды. Атап айтқанда, Авиационная көшесіне Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева есімін беріп, Қазақ көшесін Әбілсай деп атау ұсынылды. Бүгінгі қоғамдық тыңдауда белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет Кәмшат Дөненбаеваның елге сіңген еңбегін атап өтті. Бірнеше пікірден соң, жиынға қатысқандар Авиационная көшесіне атақты механизатордың есімін беру керектігін мақұлдады. Белгілі болғандай, келешекте дәл осы көшеге Кәмшат Дөненбаева атындағы саябақ салынады.
Бұдан соң мәслихат депутаттары Қазақ көшесін ауыстыруды талқылады. Қостанайдың құрметті азаматы Беген Көпештің айтуынша, бұл көшенің маңы ертеректе Әбілсай деп аталған, уақыт өте келе жолдың ұзындығы қысқарып, Қазақ көшесі болып аталып кеткен.
«Өзі кішкене ғана аумақты алып жатыр. Осы арада шамалы ойлап көріңіздерші, өз жерімізде тұрып, Қазақ деп көше атағанымыз ұят емес пе? Сол себепті де, бұл уақыт күттірмейтін шаруа. Әбілсай атауын қайтару қажет» деді ол.

Қоғамдық тыңдауды қорытындылаған қалалық мәслихат депутаттары енді бұл ұсыныс облыстық және республикалық деңгейде қаралатынын жеткізді.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *