0-сынып 2020 жылы енгізіледі — Білім және ғылым министрі

Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев нөлінші сыныпты енгізудің неліктен 2020 жылға ауыстырылғанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 75 мың мұғалім біліктілік курсынан өтеді, 30 мың мұғалім кретериалды бағалау және оқытудың әдістері секілді тренерлік курстарынан өтеді.
«Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты 2019 жылы енгізу қойылған. Бірыңғай бағдарлама мен мұғалімдер кестесі дайын, оқулықтар сараптамадан өтті, бірақ олар бәрі кириллицамен жазылған. 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басу керек болып тұр. Латын әліпбиіне көшетін болған соң біржола оқулықтарды латынша басқан дұрыс деп есептейміз. Бұл ақша жағынан тиімді болады. Жаңа оқулықтарды сараптамадан, апробациядан өткізу, мұғалімдерді дайындау керек болып тұр, сондықтан нөлінші сыныпқа 2020 жылы өтеміз» деді Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында.
Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысы қарқынды

«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанай облысындағы өкілдігі жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. «Әділдік және өркендеу» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *