Қостанайда үш ер адам «Тополек» дүкенін тонап кетті (видео)

Қостанайда үш ер адам қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіріп, кассадағы ақшаны жымқырып кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін түнде — 28 ақпанда болған. Видеодағы кадрлардан дүкенге үш ер адамның кіріп, ондағы қызметкер мен күзетшіні еденге жатқызып жатқаны көрінеді. Олардың екеуі күзетшіні ұстап тұрған, ал үшіншісі қыздан кассаны ашып, ақшаларды беруін талап еткен. Басылымның мәліметінше, ақшаны алып кеткен ер адамдар оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Ал бүгін полиция қызметкерлері дүкен орналасқан үйдегі пәтерлерді тексеріп, видеожазбаны тұрғындарға көрсетіп шықты.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған

Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *