Білім ресурсын кімдер былықтырып жіберді?

Астана қаласында  ҚР БҒМ білімнің барлық деңгейдегі басшыларынан цифрлы білім ресурстарын қажетсіз және жасанды пайдалануға жол бермеулерін сұрайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Білім және ғылым министрлігі Bilimland цифрлы білім ресурсын қолдану бойынша бірнеше ұйымға қойылған тапсырманың бұрмаланғаны туралы фактілердің болғанын мәлімдейді.

Аумақтық Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мектептердің жекелеген басшылары «Bilimland» ресурсын қолданушылар саны артқанын формальды түрде  көрсету үшін педагогтарды ресурсқа жиі кіріп тұруға мәжбүрлей бастаған.

Ешқандай пайда әкелмейтін, қайта қолмен жазылған жұмыстарды тексеруге, оқушылармен тиімді әңгімелесуге, сабаққа дайындалуға арналған уақыттарын алатын механикалық жұмысты істеуге міндеттеу, бұл мұғалімдердің дәлелді наразылығын тудырады.

Осыған орай БҒМ мұндай практиканы тез арада тоқтатуға шақырады. Мектептердің ЦБР-мен қамтамасыз етілгені туралы мұғалімдер білсін және оны қолдануды меңгерсін деген тапсырма болған.

ЦБР мұғалімдерге көмекші құрал мақсатында құрылған. Бұл мәселеде ешқандай формальдылыққа жол берілмейді.

Министрлік мектептер арасында Цифрлы білім ресурсын қолданатын не қолданбайтыны туралы рейтинг өткізуді жоспарлап отырған жоқ.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *