Мұғалімнің айтқандары есте қалу үшін не істеу керек?

Сабақ үстінде мұғалімді мұқият тыңдап, оны түсінуге тырысыңыз. Айтқандарын жаттап алуға емес, ұғынуға талпыныңыз. Ұғыну мен жаттау — мүлдем бөлек үрдіс. Ми іске қосылған кезде есте сақтау қабілеті өздігінен жұмыс істеуді бастайды. Яғни біз түсінуге тырысқан кезде көп нәрсені есімізде сақтаймыз, Ал жаттап алуға тырысқан кезде ұғына да алмаймыз, көп мәлімет жаттап та үлгермейміз. Үйде жүргенде материалды бірнеше бөлікке бөліп, қайталап оқып, өздігімізше айтып дағдылану керек.

Тақпақты, ақындардың өлеңдерін, ғалымдардың пікірін тікелей сөзбе сөз жаттап алуға болады. Ал сабақ барысында тақтада тұрған оқушыға қойылған сұраққа ойша жауап беріңіз. Сізді шақырған жағдай алдыңызда айтқан оқушының сөздерін емес, осы сабаққа қатысты өзіңіз білетін мәліметтің барлығын айтыңыз. Және толық фразалармен, нақты сөйлеуге тырысыңыз. Қай кезде сөйлеп, ойлап, оқу керектігін білген соң, алдымызда бір ғана қиын мәселе тұрады. Ол — күнделігіміздегі бестік бағаларға бола дандайсып кетпеу. Ал Сіз қандай шешім ұсынар едіңіз?

massaget.kz

Мынаны да қараңыз

«АХМЕТ ұшқан алтын ұя»: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы семинар өткізді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «АХМЕТ ұшқан алтын ұя» өңірлік семинары ...