Monthly Archives: қазан 2018

Қостанайда алғашқы жылы аялдама салынды

Қостанайда бірінші рет қыс мезгіліне бейімделген аялдама ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа аялдама «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Басты ерекшелігі — аялдама іші жылытылады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аялдама ішінде қыста +18 градус температура сақталады. Әзірге пилоттық режимде бір ғана аялдама іске қосылды. «Бұл павильон бейнекамералармен жабдықталған. Нысан іші орталық диспетчерлік пункт арқылы бақыланып отырады. Аялдаманы екі пеш ...

Толығырақ »

Қостанай облысы астық жинау науқанын аяқтады

Қостанай облысының шаруалары астық жинау науқанын аяқтады. Биыл орташа өнімділік гектарына 12,8 центнерді құрады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағандықов хабарлады. Жалпы, биыл 5 млн 214 мың тонна астық жиналған. Орташа түсімділік 12,8 центнерді құраған, 2017 жылы бұл көрсеткіш 12,5 болған. «Әр жылы егін жинау науқанының өз ерекшелігі болады. Жалпы, осы жылды жақсы аяқтап жатырмыз. Түсімділік ...

Толығырақ »

Норвегиялық оқушылар бір-біріне баға береді

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайға байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы, норвегиялық оқушыларға 8-сыныпқа дейін баға қойылмайды. Осындай ерекшеліктері бар Норвегияның білім беру жүйесімен таныс болыңыздар. Норвегия еліндегі оқушылар он үш жыл білім алады. Оның алғашқы он жылын бастауыш және орта сыныпта өткізсе, соңғы үш жылында жоғарғы сынып оқушысы атанады. Бұл ...

Толығырақ »

Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына біреулер оқ атты

Белгісіз біреудер Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз біреулер қара түсті көлікпен ішкі істер бөлімі ғимаратына жақындап, оқ жаудырған. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен. «Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ және оның мән-жайы анықталуда» ...

Толығырақ »

Цифрландыру бағдарламасы: Қостанайда 130 жоба іске асады

Қостанайдағы пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативі (ПИТК) «е-Қостанай» жүйесіне қосылады. Облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов Қостанайдағы ПИТК жаңа жүйеге көшетінін айтты. «Қостанайда «Ақылды бағдаршам», «Ақылды транспорт» және SmartKostanay сынды мобильді қосымшалар іске қосылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің қабырғаларына QR-кодтар орнатылды. ...

Толығырақ »

Инвестициялық жобаларға — 251 млрд теңге

Қостанайда «Kostanay-Invest 2018» екінші халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум қатысушылары алдымен Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа барып, олар ауыл шаруашылығы зауытының жұмысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, мұнда «Беларус» тракторлары құрастырылады. Облыстық филармонияда өткен пленарлық отырыста аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті таныстырылды. «Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті: келешегі, жаңа мүмкіндіктер мен ...

Толығырақ »

Жастар саясатын іске асыру бойынша қосымша қаражат қарастырылады

Облыс әкімдігінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Актив мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, облыстық мәслихат хатшысы, жоғары оқу орындарының ректорлары, онлайн режимде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы Жолдау әрбір шаңырақтың, әр азаматтың жағдайын жақсартуға арналғанын ...

Толығырақ »

Кейбір ЖОО-да жатақхана орындары көбейеді

Алдымыздағы жылы еліміз бойынша студенттік жатақханаларды жаңа орындармен қамтамасыз етудің алғышарттары жасалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мемлекет басшысының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде студенттер жатақханаларын жаңа орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыс отырысы өтті. Жиын барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, бағдарламаны жүзеге асырушы оператор Қаржы орталығы және бірқатар ЖОО, ...

Толығырақ »

Тағы зымыран құлады, тағы у төгілді…

2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тағы дау шықты. Күні кеше Байқоңырдағы Гагарин старт алаңынан «Союз МС-10» кемесін алып ұшқан «Союз ФГ» зымыран тасығышының техникасынан ақау шығып, аспанда апатқа ұшырады.  Ресейдің Роскосмос корпорациясының ақпаратына қарағанда, бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг бар «Союз МС-10» ғарыш кемесі 11 қазан күні Астана уақытымен сағат 14:40-та «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған. ...

Толығырақ »