Instagram-да жаңа функция пайда болды

Instagram-да көру қабілеті нашар қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін жаға функция қосылды деп хабарлайды РИА Новости компанияның блогына сілтеме жасап.

Арнайы технологияның арқасында суретте не бейнеленгенін анықтап, оларды дауыстап оқу мүмкін болып отыр. Сонымен қатар суретті жүктегенде оған сипаттама жазатын мүмкіндік бар, бұл сипаттама мәтін нашар көретіндер үшін дауыстап оқылады. Ал өткен аптада Instagram жалған, қолдан көбейтілген лайктармен, пікірлермен және қолданушылармен күресетіні хабарланған еді.
tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады

«Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *