Жаңажылдық дастарқанға не қоюға болмайды?

Жаңа жылда тағамға мойонезді аз қосып, ақ тауық етінен жасалған салаттарды көп жеу керек және асқаптаманы қолданған жөн деп кеңес берді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы, Қазақстанның бас дәрігері Жандарбек Бекшин. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Ж.Бекшин жаңажылдық дастарқанды алдын ала дайындамауға кеңес береді. Ал ет пен көкөніс кескенде бөлек пышақ пен тақтайды қолдану керек. Айтуынша, дастарқанда күнделікті ғана емес, пайдалы да тағамдар болуы тиіс.
«Майлы, тәтті салат пен тағамдарды көп әзірлемеген жөн, әсіресе, бұл — ересектерге қатысты. Үстел пайдалы тағамдарға толы болсын десеңіз, майонезден аулақ болыңыз. Ал оларды жақсы сақталу үшін асқаптамаға орау керек. Тоңазытқыштағы барлық тамақты үстелге қоюдың қажеті жоқ» дейді ол.
Жандарбек Бекшин Жаңа жылдан кейін қалып қойған салаттарды жемеуге кеңес береді. «Мереке аяқталғаннан кейін астан уланып келгендердің жартысы тағамды тастауды обал көріп, жегендер. Салаттарды тоңазытқыштан бір тәуліктен көп ұстауға болмайды, ал майонез қосылғандарды алты сағаттан артық сақтамаған жөн» дейді ол.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өкілдері ауыр еттен жасалған салаттармен қатар жеңіл салаттарды да араластыруға кеңес береді. Олар көкөністер, қызыл және жасыл бұрыш, тауық еті мен балықтан, консервіленген бұршақ және түрлі шөптерден жасалуы мүмкін. Жаңа жылдағы тамақтанудың маңызды ережелерінің бірі — жиі, бірақ аз-аздан жеу.
«Жаңажылдық дастарқанда сұйық зат көп болуы тиіс. Ең бастысы — суды көп ішу қажет, алкоголь ағзаны сусыздандыратынын естен шығармаған жөн.
Жақсы өңделген тауықтың ақ етінен жасалған салатты тұтыну керек және ол бөлек сақталуы тиіс. Ал жемістерді қанша жегіңіз келсе, өз еркіңіз. Олардың калориясы аз және дәрумені жеткілікті» дейді еліміздің бас дәрігері.

Сондай-ақ Ж.Бекшин азық-түлікті адам көп жүретін ірі сауда орталықтарынан алуға кеңес береді. Оның айтуынша, мұндай орындарда тауар көп тұрмайды. Тағамның сырты мен сертификатына назар аудару керек. Онда сақталу мерзімі анық жазылуы тиіс.

Мынаны да қараңыз

Астанада «Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры бастамашы болды. Әділеттілікті жақтаушылар қоғамның қоғамдық күн ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *