Monthly Archives: наурыз 2019

Қостанай облысы Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жаңа басшы келді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат жиынында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол бұған дейін Астана қаласында жұмыс істеген. «Абзал Естаев бұған дейін Астана қаласының «ТКШ дамыту және жаңғырту орталығы» АҚ директорының орынбасары қызметінде болды. 2006-2012 жылдар аралығында елордадағы монополияға қарсы ведомствоны басқарды. Тәжірибесі мол», ...

Толығырақ »

Коллектормен жұмыс істегенде қарыз алушы нені білуі керек?

ҚР Ұлттық банк мамандары коллекторлық агенттік өтініш жасаған жағдайда қарыз алушы нені білуі қажеттігін айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. ҚР ҰБ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдан бастап коллекторлық агенттіктердің қызметі «Коллекторлық қызмет туралы» заңмен реттеледі. Заңға сәйкес ҚР Ұлттық банкі коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асырады. Заңның ережелеріне сәйкес коллекторлық агенттік — екінші деңгейдегі банктердің (банктер) немесе ...

Толығырақ »

Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан

Қостанай облысы Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан адам 10 жылға сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, 2018 жылдың қазан айында белгісіз біреулер Мендіқара ішкі істер бөліміне келіп, кезекші тергеуші кабинетінің терезесіне екі рет қарумен оқ атқан.  Кейін облыстық Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Рахимов күдіктінің ұсталғанын растады. Оның автокөлік жүргізу ...

Толығырақ »

Қостанайда жалған хабарлама тарататындар көбейген

Қостанай облысының ТЖД «112»  нөміріне жалған қоңырау шалатындардың қатаң жазаланатынын ескертеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2019 жылдың басынан бері өңірде «112»  шұғыл қызмет нөміріне түскен қоңыраулар саны — 48769. Төтенше жағдайлар департаменті соңғы уақытта аталған нөмірге жалған хабарлама жасайтындардың қатары көбейгенін айтады. «Босқа қоңырау соғатындар саны күрт өсуде. Жалған қоңыраулардың қарқыны күшейгені сондай, қызметкерлердің нақты міндеттерін орындауға кедергі келтіреді. Бұған қоса ...

Толығырақ »

Шалғай ауылдар жоғары сапалы интернетке қосылады

Биыл Қостанай облысында мемлекеттік-жекеншелік әріптестік аясында 53 ауылға жылдамдығы жоғары байланыс желісі жеткізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімовтің айтуынша, биыл шалғай ауылдарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінеді. «Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 53 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі жеткізіледі. Атап айтқанда, Жангелдин, Амангелді, Қостанай, Қарасу, Әулиекөл ...

Толығырақ »

Жастар жылына қанша ақша бөлінеді?

Қазақстанда Жастар жылына республикалық бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін «Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, сондай-ақ, тиімді және қажетті бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік ...

Толығырақ »

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджері жалған хабарлама таратушылармен күресу мақсатында жаңа функция енгізеді деп жазады Wabetainfo.com. Басылымның мәліметінше, бұл функция мессенджерге жолданған суреттерді Google-дан іздеуге мүмкіндік береді. Бірақ, мессенджер өкілдерінің айтуынша, бұл функция әзірше ресми түрде енгізілген жоқ. Сурет Google жүйесіне жүктелген соң жаңа функцияның арнайы браузерден іздеу нәтижесін көрсететіні айтылады. WhatsApp өкілдерінің сөзіне сүйенсек, бұл функция қолданушыларға өте пайдалы болады. Жаңа функция келген хабарламаның жалған немесе жалған ...

Толығырақ »

Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты санкцияны қарады. «Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты жедел-тергеу тобының басшысы, Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің Қостанай облысы прокурорының орынбасары К.Мамаевпен келісілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ басшысын бұлтартпауға қатысты екі айға қамауға алу санкция шаралары ...

Толығырақ »

Клиенттердің құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеген

Жітіқаралық құқық қорғаушылар алаяқтықпен айналысқан банк қызметкерін ұстады. Күдікті банк бөлімшелерінің бірінде қызмет істеп жүріп, клиенттердің жеке куәліктері арқылы несие рәсімдеген. Сөйтіп, оңай олжаға кенеліп отырған. 25 жастағы банкир жігіт мұндай әрекетпен бір жылдан бері айналысып жүріпті. Айласын асырып дәніккен ол банк клиенттерінің құжаттарын пайдаланып, шағын несиелік ұйымдардан ғаламтор арқылы несие рәсімдеп отырған. Қарыз сұраушыдан көп құжат талап етпейтін, онлайн жұмыс ...

Толығырақ »

Қостанайлық студенттер қола жүлдемен оралды

Ресейдің Красноярск қаласында 2-12 наурыз аралығында өткен XXIX қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық студенттер барлығы 7 медаль олжалады. Жарысқа қатысқан қостанайлық студенттер қола жүлде қанжығалап қайтты. Жүлдеге іліккен жерлестер арасында Әлия Әмірғалиева, Қадиша Бақтыгереева, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұратов сынды жастар бар. Олар шорт-тректен қола медаль алған болатын. Жүлдегерлер Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқиды.

Толығырақ »