Коллектормен жұмыс істегенде қарыз алушы нені білуі керек?

ҚР Ұлттық банк мамандары коллекторлық агенттік өтініш жасаған жағдайда қарыз алушы нені білуі қажеттігін айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰБ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдан бастап коллекторлық агенттіктердің қызметі «Коллекторлық қызмет туралы» заңмен реттеледі. Заңға сәйкес ҚР Ұлттық банкі коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.

Заңның ережелеріне сәйкес коллекторлық агенттік — екінші деңгейдегі банктердің (банктер) немесе микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыздары бойынша берешекті өндіретін ұйым.

Коллекторлық агенттіктің өз қызметін Ұлттық банкте есептік тіркеуден өткеннен кейін және оны Коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізгеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы екендігін білу қажет. Тізімді Ұлттық банктің сайтынан көруге болады.

Өндіріп алу берешекті өндіріп алу шартының негізінде жүзеге асырылады және банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта банктің және МҚҰ-ның үшінші тұлғаларды тартуға құқығы болған кезде ғана ықтимал. Бұл ретте МҚҰ-ға жеке тұлғамен жасалған және тұрғын үй түрінде кепілмен қамтамасыз етілген шарт бойынша берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттікті тартуға тыйым салынады.

«Банктер мен МҚҰ қарыз алушының келісімі болған кезде қарыз, микрокредит бойынша талап ету құқығын беруге немесе өзгеше айтқанда қарызды, микрокредитті коллекторлық агенттікке «сатуға» құқылы. Мұндай жағдайларда коллекторлық агенттік жаңа кредитор болады және берілген шарттың талаптарын, сондай-ақ банктер мен МҚҰ-ға қойылатын барлық заңнамалық талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.

Банктер талап ету құқығын банктік қарыз шарты бойынша 90 күннен астам, ал жеке тұлғаның ипотекалық қарызы бойынша 180 күннен астам төлемнің мерзімін өткізу болған кезде беруге құқылы»,  делінген хабарламада.

Бұл ретте МҚҰ талап ету құқығын қарыз 90 күннен астам төлебеген кезде ғана беруге құқылы. Кепілге тұрғын үй қойылған жеке тұлғаның микрокредиті бойынша талап ету құқығын коллекторға берілмейді.

Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезеңінде банктер мен МҚҰ борышкерге қатысты берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде сыйақыны, комиссияларды және өзге төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ, аталған кезеңде тұрақсыздық айыбын есептеуге құқығы жоқ.

Коллекторлық агенттіктің қызметкері борышкермен алғаш байланыс жасаған кезде танысуға, кредитордың атауын және коллекторлық агенттіктің байланыс деректерін, Коллекторлық агенттіктердің тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірін, берешек туралы ақпаратты хабарлауға міндетті.

Коллекторлық қызметті жүзеге асыру тәртібі туралы толық ақпарат Коллекторлық қызмет туралы заңның 5-бабында белгіленген. Сондай-ақ, заңда коллектордың борышкерге хабарласатын уақыты белгіленген.

«Коллекторлық агенттіктің борышкермен өзара іс-әрекет етуі коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша жеке байланыс жасаған кезде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде 1 реттен көп емес және телефонмен келіссөздер жүргізу арқылы жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде 3 реттен көп емес, жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде шешіледі», делінген хабарламада.

Коллекторлық агенттік борышкерге қауіп төндіру, тіл тигізу, бопсалау, алдап-арбау, сондай-ақ коммерциялық немесе ҚР заңымен қорғалатын өзге де құпияны жариялау сияқты адал емес іс-әрекеттерді қолдануға қатаң тыйым салынады.

Айта кетерлігі, 2018 жылы коллекторлық агенттіктерге қатысты әкімшілік айыппұл түрінде 5 санкция және 14 шектеу шарасы қолданылған.  Егер коллекторлық агенттіктер борышкердің құқығын бұзса, онда ол Ұлттық банкке немесе оның аумақтық филиалдарына өтініш білдіре алады. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің байланыс ақпараты Ұлттық банктің сайтында орналастырылған.

 

фото: informburo.kz

 

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады

«Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр. ...