Қостанай облысының әкімі Instagram желісіне тіркелді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс басшысы желідегі алғашқы жазбасында тұрғындарды ашық диалог құруға шақырды. «Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына кіре отырып, мен Instagram әлеуметтік желісіне тіркелдім. Әлеуметтік желі тұрғындармен ашық және тікелей қарым-қатынас жасауға өте ыңғайлы. Менің ойымша, біз оқырмандармен бірге біздің облыстың одан әрі даму перспективаларын талқылауға бағытталған, сондай-ақ өңірдің өзекті мәселелерін шешуге ықпал ететін сындарлы диалогты жолға қоямыз» делінген Архимед Мұхамбетовтің жазбасында.

Еске салсақ, 2019 жылғы 27 наурыз күні ірі қалалар мен өңір әкімдері қатысқан кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен өзара ықпалдастықтың жаңа форматын дамытып, әлеуметтік желілерде белсенді болуын тапсырған еді. Осыдан соң біраз әкім әлеуметтік желі арқылы халықпен байланысты жолға қойған болатын.

 

Мынаны да қараңыз

Әулиекөл ауданының тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті

Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *