Monthly Archives: мамыр 2019

Жүйрік журналист немесе Ғазағаңның шеберлік лабораториясы

Ғазағаңның есімі бізге бала кезімізден жақсы таныс. Баспасөз беттерінде жарық көрген дүниелерін сүйсіне де қызыға оқып жүретінбіз. Сөйтіп, «шіркін, біз де осы кісілердей журналист болсақ» деп армандайтынбыз. Оның үстіне бүгінде марқұм болған журналист нағашым Мылтықбай Ысмағұл да басқа әріптестерімен қатар оның да есімін атап, қимас студенттік шақтарын еске алып жүретін. Бүгінгі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 80-жылдары бірге оқыған екен… Есімі де ...

Толығырақ »

Торғай жері Ресейдің сынақ алаңына айналатын болды

Ресей зымырандары «қазақ жеріне құлауға» кезекті мәрте рұқсат алды. Ресейлік зымырандарды сынақтан өткізу үшін Қостанай облысы Жангелдин ауданында алты мың гектар жер бөлінеді. Жақында Қазақстан Үкіметі осы мақсаттағы келісімнің жобасын мақұлдады. 23 мамырда Үкімет қаулысымен мақұлданған келісімде Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған. Келісім жобасында: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан солтүстік бағыттағы жаңа трассамен «Союз-2» типті зымыран тасығыштарды ұшыру, осы сынды ...

Толығырақ »

Тулақты туындыға айналдырған

Гүлдана Жұрқабаева – Торғай өңірінің тумасы. Мамандығы – дизайнер. Қостанай қаласында білім алған. Қостанай меценаттар клубы тағайындайтын «Шабыт» сыйлығының «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша лауреаты атанған. Ұстазы Гуля Серікқызының ұсынысымен алғаш теріге – кәдімгі малдың, аңның терілеріне сурет салуды қолға алған. Әртүрлі тақырыптарда сәнді-композициялық кескіндемелер түсіре бастайды. Бұдан соң теріге сурет салуға ерекше белсене кіріседі. Суреттерінен даланың тамаша көріністері менмұндалайды. Туған ...

Толығырақ »

Арқалық түрмесіне алғаш рет әйел адам түсті

Арқалық қаласы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазасын өтейтін түрмесімен де әйгілі. Жақында мұнда алғаш рет әйел адам түскен. Бұл — түрме тарихында алғаш рет кездесіп отырған жағдай. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «1993 жылы туған бойжеткен бұған дейін Алматы облысының ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп келген. Кейін Арқалық түрмесіне жіберілді. Бұл — қатаң ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. «Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорны мен шаруа қожалықтарын аралап, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады» деп жазды Берік Уәли.  

Толығырақ »

Қостанайда жемқор шенеуніктер азаймай тұр

2018 жылы құқық қорғау органдары Қостанайда жемқорлыққа қатысы бар 111 қылмысты анықтаған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Д.Үсенов брифинг барысында мәлімдеген. Оның сөзінше, парақорлықтан келген шығын 157 млн теңге. — Ең көп жазаға тартылғандар әкімдік пен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – 38, ұлттық компаниялардың басшылары – 6, құқық қорғау органдарының ...

Толығырақ »

Қазақтың Қойшығарасы

Қазекем өмірге ұл келсе, «қой­­шы» келді деп сүйінші сұрап жа­татын. Сол ырымды ұстанған Қой­шекеңнің ата-анасы Алланың ұл бергеніне шүкіршілік жасап, аман-есен қарайып жүрсе екен деп баласының есімін Қойшығара қойған секілді. Олардың үміті ақталып, Қой­шекең алдымен жас та болса ауыл азаматы қатарына қосылды. Одан соң университет бітіріп, та­нымал журналист болды әрі жазушылықты қатар игере жү­ріп, біраз кітаптың авторы да атанды. Жазу-сызуға ...

Толығырақ »

Қостанайлық студенттер емтиханды қанша теңгеге тапсырады

Қостанайлық студенттер ЖОО-да кездесетін жемқорлық фактілері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Қостанай — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арнайы сараптама жүргізіп отырады. Бұл жолы мамандар білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға облыстың ЖОО студенттері қатысты. «Бұл сауалнама оқу орнындағы профессорлар мен оқытушылар құрамының ...

Толығырақ »

Қостанайда сауда орталығына «бомба қойған» азамат іздестіріліп жатыр

Қостанайда сауда орталығына жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «14 мамыр күні сағат 22.42-де «Солтүстік» полиция бөлімшесіне ер адам хабарласып, «Қостанай-Плаза» сауда дүкеніне жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Дереу оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі, құтқарушылар және жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері келді. Полиция қызметкерлері сауда орталығы аумағын қоршауға алып, көлік қозғалысын шектеді. Ғимарат ішіндегі 300-ге ...

Толығырақ »

Ржев жерінен табылған торғайлық жауынгерге қатысты тың деректер (видео)

1941-45 жылдары Торғайға қарасты Қызбел ауылынан майдан даласына 287 жігіт аттанған. 100 жауынгер елге аман орлағанымен 87 сарбаздан қара қағаз келген немесе із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл қолдағы бар деректер бойынша жасалған статистика. Он күн бұрын Мәскеуден екінші дүниежүзілік соғыс кезінде талай шайқасты бастан өткерген Ржев жерінен қазақ солдатының сүйегі табылды деген хабар келген-тұғын. Табылған жауынгер қазіргі Қостанай облысы Жанкелді ауданы Қызбел ауылдық ...

Толығырақ »