Қостанайда мұғалім оқушыны ұрған

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты.

Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, А. есімді мұғалім сабақ үстінде Б. есімді оқушыға жұдырық жұмсаған.

«Бастапқыда мұғалім кінәсін мойындамаған. Бірақ сот отырысы барысында оның кінәсі куәгерлердің айғағымен расталды» дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мұғалім ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 10 АЕК (25250 теңге) көлемінде айыппұл өтейді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *