Архимед Мұхамбетов Омбыда Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтіп жатқан XVI Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Форум жұмысына өңір және облыс басшылары, мемлекеттік орган мен бизнес саласының өкілдері қатысты, сондай-ақ, форум жұмысы барысында шекаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелер қаралды, ресейлік өкілдермен екіжақты кездесулер өткізілді.

Форум қорытындысы бойынша барқатар келісімге қол қойылды, оның ішінде Қостанай облысының әкімдігі мен Челябі облысының Үкіметімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Сонымен бірге форум шеңберінде Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі мен РФ Свердлов облысының Қоғамдық Палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Өңірлік азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығы туралы келісімдерге қол қою алғаш рет болып отырғанын айта кетейік.

Қостанай және Свердлов облыстарының жұртшылығы өңірлерде қоғамдық пікірлерде қолдау алған жобалармен, азаматтық қоғамды қызықтыратын әдістемелік және басқа да материалдармен алмасуға келісті.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *