Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенің жүгін заңсыз иемденіп кеткен

Қостанай облысында қымбат мүлікті заңсыз иемденіп кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Ресей арқылы жүк тасымалдайтын көлік фирмасының иесі Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетовке өтініш білдіріпті. Кәсіпкер интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Ол өз өтінішінде интернет арқылы «көлік жүргізушісін» тауып, келісімшарт жасасқан. Алайда қымбат жүк діттеген жеріне дейін жетпеген көрінеді.

«Олардың барлығы Қостанай қаласының тұрғыны, олардың біреуін білемін, сондықтан да оларға сеніп едім. Құны 50 миллион теңгеден асатын жүк Өскеменнен Ресейге жеткізілуі тиіс еді. Арада келісімшарттың барына қарамастан, алаяқтар орта жолда телефонға жауап бермеді» дейді кәсіпкер.

Осылайша, ол танысы арқылы өз мүлкінің Ресейдің басқа қаласына жеткізілгенін анықтаған. Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша бұл қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Арнайы топ Қазақстанның бірнеше облысында тергеу жүргізеді. Бұл алаяқтықтың өте сирек тәсілі, тергеу жұмыстарымен тәжірибелі полиция қызметкерлері айналысады» деп атап өтті полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов.

Жыл басынан бері ведомство басшысының жеке қабылдауына 200-ден астам азамат жүгінсе, олардың мәселелері шешіліп, заң кеңестері берілген.

 

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *