Жітіқарада банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып кеткен

«Еуразиялық банк» АҚ Жітіқара қалалық филиалының қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 12 қараша күні Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп кеткен.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының, 4-бөлігінде көзделген (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның банк кассасынан 87 млн теңгені ұрлап кеткені анықталды» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары басталды.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *