«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры 82 жобаға қаржылай қолдау көрсетті

2020 жылы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске  асыру шеңберінде елордалық кәсіпкерлерге жалпы сомасы  17,8 млрд теңгеге (17 801 803 320 теңге) 82 жобаға  пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қаржылық қолдау көрсетті. Қордың аталған бағдарлама бойынша кепілдемесін жалпы сомасы 6,49 млрд теңгеге (6 490 452 142 теңге) кәсіпкерлердің 92 жобасы иеленді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде басым салаларда 2 жыл ішінде 19 елордалық жоба 19,3 млрд теңге сомасына қолдау тапты. Қаражатты шартталған орналастыру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 35,66 млрд теңге мөлшерінде 403 жоба қаржыландырылды. «Даму Оптима» бағдарламасы бойынша 116,5 млн теңге көлемінде кепілдік сомасымен 262 млн теңге сомасына жобалар қаржыландырылды.

«Жеңілдікпен несие алған компаниялардың қатарында  «ТАЛ Инженеринг Қазақстан» ЖШС тас төсеуіш плиталарын өндіретін компаниясы, экологиялық қағаз пакеттерін өндіретін  «Eco Friend» ЖШС және сабын мен жуғыш заттар өндіретін  «Арко Групп 2011» компаниялары бар.

ШОБ несие бойынша пайыздық мөлшерлемені азайту мүмкіндігі ұсынылған пайыздық мөлшерлемеасі бөлігін субсидиялау шарттары бойынша елордалық кәсіпорындар өнім өндірісі мен қызмет көрсету шоғырын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жабдықтар сатып алды» делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«ТАЛ Инженеринг Қазақстан» ЖШС бетоннан ұсақ бұйымдар: түстері, пішіні мен материал сұрыптамасы алуан түрлі тас төсеуіш плитка өндірісімен айналысады.

2018 жылы кәсіпкер тас төсеуіш плитка өндірісі бойынша жаңа зауыт салу мақсатымен қаржыландыру алу үшін банкке жүгінеді және өңдеу өнеркәсібі саласында ШОБ субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша несие алады. «Даму» Қорының қолдауымен 6% жылдық мөлшерлемемен несиеге өтінім мақұлданады.  Кредиттік желі аясында транш беріліп, заманауи сұраныстардың барлығына жауап беретін бетон бұйымдар мен қасбеттік өнім өндірісін жүзеге асыру үшін заманауи жабдықтар кешені сатылып алынды.

«Арко Групп 2011» ЖШСНұр-Сұлтан қаласындағы сабын және жуғыш заттар өндіретін жалғыз ұйым, бірнеше жылдан бері «Даму» қорының жеңілдіктік несиесін алып келеді. Компания өнімдердің кең сұрыптамасын: қол жуатын сұйық сабын, сусабындар, ыдыс, еден, әйнек жууға арналған құралдар өндірумен айналысады. Компания өз өнімдерін «Бахус-Центр» елордалық супермаркеттеріне, мейрамханаларға, химиялық тазарту орталықтарына, тұрмыстық химия дүкендері мен автожуу орталықтарына жеткізеді.

«Мен Қордың қолдауына қатарынан төртінші жыл жүгініп келемін. Екінші деңгейдегі банктерге кредит беру кезінде мынадай бағдарламалар пайдаланылды: айналым капиталын қаржыландыру және БЖЗҚ қаражаты есебінен ШОБ қарыздарын қайта қаржыландыру, «Даму Аймақтар III» және «Бизнестің жол картасы-2025″ШОБ субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру. Жоба бағдарлама шеңберінде түрлі құралдармен қолдау тапты: берілген қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялай отырып, қарыз бойынша төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдікті кредиттеу, сондай-ақ қарыздарды ресімдеу үшін кепілдік базасының жеткіліксіздігіне байланысты кепілдік беру құралы қолданылды. Жақын арада технологиялық конвейерлік желіні автоматтандыру үшін жабдықтар сатып алуды, сондай-ақ өнімді сақтауға арналған суық қойма ғимаратын салуды қаржыландыруды қолдау үшін Қорға жүгінуді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті  «Арко Групп 2011» ЖШС директоры Аслан Смаилов.

Ал экологиялық қағаз пакеттерін өндіретін жас компания   «Eco Friend» ЖШС «Даму» Қорының 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді еңбекпен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдауды дамытуға арналған  бағдарламасы шеңберінде жеңілдікпен алғаш рет несие алып отыр.    

«Жыл басында өндірістік қуатты кеңейту және бұрын ішінара қол режимінде болған процестің бүкіл циклін автоматтандыру үшін бізге тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз өнімдерін өндіру үшін қосымша жабдық қажет болды. Біз «Даму» Қорының астаналық филиалына жүгініп, «Сбербанк Қазақстан» АҚ-на Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы бойынша кредит беруге өтінім бердік. 5 жыл мерзімге жылдық 6% жеңілдік мөлшерлемесі төмендетілген 20 млн. сомасына қарыз алынды. Бізде кепіл базасы жеткіліксіз болғандықтан, Қор несие сомасының 85% — на өз кепілдігін берді», — деп тәжірибесімен бөлісті компания басшысы Қуаныш ЖАПАҚОВ.

Айта кететін жайт, өнім шикізаты 100% целлюлозадан тұрады және көпреттік қолдану мен толықтау өңдеуге жарамды.  Компания өз өнімін елордалық «Magnum Cash&Cary» ЖШС супермаркеттер желісіне жеткізеді.

Еске сала кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – бұл «Бәйтерек» Ұлттық холдингі құрылымына кіретін мемлекеттік даму институты. Қордың мақсаты Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» Қорының негізгі құралдары Екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді және микрокредиттік ұйымдарды жеңілдікті қаржыландыру, сондай-ақ, қаржылық емес қолдау көрсету (оқыту, консалтинг, ақпараттық-талдамалық қолдау) болып табылады. Ұйымның Қазақстанның барлық 14 облысында және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өңірлік филиалдары бар.

  

Мынаны да қараңыз

Дүниежүзілік банк: Қазақстан кедейлене түсуі мүмкін

Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы ...