ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов жалпы мектепте қандай бағдарламалар енгізіліп жатқанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Әрдайым Назарбаев Зияткерлік мектебі бағдарламасына қатысты тоқталғанда, адамдар ол жерде дарынды балалар оқитынын және осы бағдарламаны жалпы мектептерге енгізудің қажеті қанша дегенді айтады. Бұл тұрғыда айтарым, Назарбаев Зияткерлік мектептері бағдарламасы жаңартылған мазмұн аясында дәл сол қалпында жалпы білім беретін ...
Толығырақ »ganibet
Тобыл өңірі тұрақты даму үстінде
tobyl-torgai.kz сайты Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің «Облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистерін жариялайды. Құрметті жерлестер! Біздің Президентіміз 2018 жылғы 10 қаңтардағы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «экономиканың орташа әлемдік деңгейден жоғары қарқынын және озық 30 елдің қатарына орнықты кіруді қамтамасыз ету» ...
Толығырақ »Қостанай облысында 24 бөгет су тасқынына дайын емес
Қостанай облысының әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы шаралардың жүргізілу барысы мен су нысандарының көктемгі кезеңге әзірлігі тұрақты бақылауда. «Қазіргі уақытта екі мыңнан астам күш құрылымдары мен 826 техника, 83 жүзу құралы, 245 су сорғыш техникасы, жиырма мың тоннадам астам инертті ...
Толығырақ »Қостанайда 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кетті
Қостанайда әйел адам 4-қабаттан құлап кетті деп хабарлайды alau.kz. Оқиға 25 ақпанда болған. Бұл мәліметті Қостанай қалалық ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады. Бөлім меңгерушісінің айтуынша, 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кеткен. «Төтенше жағдайдың салдарынан әйел адам бас ми жарақатын алды. Оған ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр» деп хабарлады Марал Әбілқасымов. alau.kz
Толығырақ »Қостанайлық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа жіберді
Минскіде өткен кәсіпқой бокс кешінде қостанайлық Жан Кособуцкий өзінің төртінші кездесуіне шықты деп жазады «Біздің Қостанай» газеті. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Кособуцкий бұл жолы украиналық Максим Педюрамен қолғап түйістірді. Педюра кәсіпқой рингке 26 рет шыққан. Осы уақытқа дейін 12 спортшыны нокаутпен жеңді. Минск рингіндегі бәсеке 8 раундқа есептелген. Дегенмен қостанайлық боксшы 1-раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Осы жеңісінен соң Жан ...
Толығырақ »8 ауылға су құрылғылары орнатылады — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысы тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуге бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтқандай, биыл елді мекендерді сумен жабдықтауға айрықша көңіл бөлінеді. «2017 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтуды жақсарту үшін 10 нысан қайта жаңғыртылды. Оған бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. ...
Толығырақ »Қостанайдың 97 елді мекенін су шайып кетуі мүмкін
Қостанайда көктемгі тасқын кезінде 97 елді мекенді су шайып кетуі ықтимал деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов айтқандай, облыста тасқынға қарсы тосқауыл жұмыстарының жоспары жасалып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді. «Былтыр Қостанай облысында 58 елді мекен су басу қаупі бар аймақтар санатына кірсе, биыл бұл көрсеткіш 97-ге жетті. Аталған аумақтарды қатаң бақылауға алдық. Жалпы, 40 ...
Толығырақ »Қазақстан географиясы оқытылады
Жуырда еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстанның» 2018 жылғы 17 қаңтардағы санында «Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?» атты мақала жарияланған болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі көтеріліп отырған мәселені Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның сарапшыларымен бірлесіп зерделеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің географиясын оқу, әрине, білім беру ...
Толығырақ »Қостанайлық сақшы Әлем чемпионы атанды
Джиу-джитсудан Болгарияда өткен полиция және құқық қорғау органдарының арасындағы әлем чемпионатында қостанайлық спортшы жеңімпаз атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әскерилер арасындағы дәстүрлі турнир Болгарияның Банска қаласында өтті. Байрақты бәсекеге қатысқан Қостанай облыстық ІІД қызметкері Олжас Сақаулов 85 келі салмақ дәрежесінде бірден екі медаль ұтып алды. «Әлем чемпионы болу — әр спортшының арманы. Осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендік. Құқық қорғау органдары ...
Толығырақ »Ақбөкенді өлтірген қостанайлықтардан 1 361 400 теңге өндірілді
Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі және орман шаруашылығына залал келтірілген екі қостанайлықты ұстады. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Азаматтық іс Ақмола облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап-арызы бойынша Арқалық қалалық сотында қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, ҚР азаматтары А. және В. жеке көлікпен ақбөкенді соғып өлтірген. «Сот отырысында екеуі де тағылған айыпты толықтай мойындады. ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz