Тобыл өңірі тұрақты даму үстінде

tobyl-torgai.kz сайты Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің «Облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистерін жариялайды.

Құрметті жерлестер!

Біздің Президентіміз 2018 жылғы 10 қаңтардағы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «экономиканың орташа әлемдік деңгейден жоғары қарқынын және озық 30 елдің қатарына орнықты кіруді қамтамасыз ету» болып танылатын республика дамуының негізгі басымдықтарын айқындап берді.

Президенттің Жолдауы – бұл біз үшін әрекет етудің сөзсіз басшылығы. Сондықтан біз алдымызға қойылып отырған барлық міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге мүдделіміз. Оның үстіне, бізде 2017 жылдың қорытындылары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім тіркелген.

Мәселен, өнеркәсіпте өсім 4,2%, ауыл шаруашылығында – 3,5%, құрылыста – 27,8%, саудада – 5% құрады.

Облыс экономикасына инвестициялар салымы 2,8% өсті, тұрғын үйлерді іске қосу 36% ұлғайды.

Инфляция деңгейі 6,9% құрады, бұл 2016 жылғыға қарағанда 1,6 проценттік пунктке төмен (2016 жылы – 8,5%).

Өнеркәсіп.

2017 жыл ішінде облыс кәсіпорындары 747,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

Облыс өнеркәсібінің құрылымында 53,2% үлесімен өңдеу саласы басым түсуде, кен өндіру – 39,5%, электрмен жабдықтау – 5,8%, сумен жабдықтау – 1,5%.

Кен өндіру секторында бірінші рет 2011 жылдан бері 3,7% өсім қамтамасыз етілді, 294,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Мыс кенін шығару 2,3 есе, шекемтас өндірісі 18,9%, темір кені концентраты – 1,7%, боксит – 0,9%, асбест – 0,1% ұлғайтылды.

Өңдеу саласы кәсіпорындары 397,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді, НКИ (нақты көлем индексі) – 105,2%.

Жергіліктендіруді және қазақстандық үлесті ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқан машина жасау саласында есеп беру жылында 44,7% өсім қамтамасыз етілгендігін атап кеткен жөн. Барлығы 95,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Өсімге негізінен автобустар құрастыруды 24 еседен де астам, жеңіл автомобильдер құрастыруды 2,4 есе ұлғайтудың арқасында қол жеткізілді.

Автомобиль жасау саласын одан әрі дамыту үшін, 2017 жылғы қарашада, Мемлекет басшысының Қостанай облысына сапары кезінде «СарыАрқаӨнеркәсіп» ЖШС-нің өндірістік алаңында Қытайдың ірі GENERTEC мемкорпорациясы мен «Аллюр» компаниясы тобы» АҚ арасындағы «Аллюр» компаниясы тобы» АҚ акциясының 51% үлесін сатып алу туралы инвестициялық келісімге қол қойылуының маңызы зор болды. Аталған факті айналым капиталына қосымша инвестициялар салуға және кәсіпорынның негізгі қаражатына, жаңа брендтер тартуға, сондай-ақ экспорттың өсуіне ықпал жасайтын болады.

Тамақ өнеркәсібі саласы кәсіпорындары ұн, кондитерлік өнімдер, сүт және кілегей, сары май мен ет өндірісі өсімін қамтамасыз етті. Өнім шығарудың жалпы көлемі 187,5 млрд. теңге құрады.

Сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласының одан әрі өсуі мақсатында облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 4 жаңа кәсіпорын іске қосылды, олар еліміздің тамақ өнімдері экспортында көшбасшылық позицияны ұстап тұру үшін өз үлестерін қосады.

Металлургия өнеркәсібі 2016 жылғы өндіріс көлемдерін 21,0% арттырды, 68,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. 4344 кг «Доре» қорытпасы өндірілді, 2016 жылғыға қарағанда 1,6 есе өсім қамтамасыз етілді.

Өңдеу өнеркәсібінің дамуына Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде енгізілген жаңа кәсіпорындар айтарлықтай тиімділігін көрсетуде. Мәселен, 2017 жылы олар өндірген өнім көлемі 150,3 млрд. теңге құрады, бұл іс жүзінде өңдеу өнеркәсібі өндірген барлық өнімнің 40% (37,8%).

Индустриаландыру картасын іске асырудың І бесжылдығының (2010-2014 жылдары) шеңберінде сомасы 115,8 млрд. теңге тұратын 77 объекті пайдалануға берілді. 4753 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Қазіргі уақытта Индустриаландырудың екінші бесжылдығы картасының инвестициялық жобаларын іске асыру (2015-2019 жылдары) жөнінен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ол 4,5 мың жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 315,5 млрд. теңгенің 18 жобасын қамтиды. Сонымен қатар, біз оны өзектендіру бойынша жұмыс жүргізудеміз – Картаға тағы да 466 жұмыс орнын аша отырып және 2018 жылы іске қосатын, сомасы 20,4 млрд. теңгенің 8 инвестжобасын енгізуді жоспарлап отырмыз.

Өткен 3 жылда 11 жоба іске қосылды, олар бойынша инвестициялар сомасы 15,7 млрд. теңге құрады, 417 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың ішінде 2017 жылы инвестициялар көлемі 6,8 млрд. теңгенің 4 жобасы іске асырылды, 194 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы. Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде де сол сияқты оңды нәтижелерге қол жеткізілді. Ауылшаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы 2017 жылы 362,2 млрд. теңге құрады.

АӨК (агроөнеркәсіптік кешенінде) еңбек өнімділігінің ұлғайғанын ризашылықпен атап өткен жөн. Мәселен, саладағы бір еңбек адамына шаққанда 2,1 млн. теңгеден келеді, өсімі 15%.

Егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылуда. Мәселен, бидай алқаптары 105 мың га азайтылды және 3705 мың га құрады, жемшөптік дақылдар 59 мың га, жарма дақылдары 2,2 мың га, дәнді-бұршақ дақылдары 28 мың га, мал азығындық дақылдары 19 мың га ұлғайды.

Майлы дақылдар алқаптары 78 мың га ұлғайды және 351,3 мың га құрады. 2018 жылға жемдік дақылдарының егіс алқаптарын 16 мың га (399 мың га), дәнді бұршақ дақылдарын 10 мың га (75,5 мың га), майлы дақылдарды 93 мың га (444,3 мың га) ұлғайту көзделіп отыр.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызатын алқаптары 614 га, көкөніс 167 га ұлғайтылады.

2017 жылы нөлдік технология бойынша 1,6 млн. га дәнді дақылдар егілді немесе 38%. Минералдық тыңайтқыштар сіңіру көлемдері 1,7 есе өсті (17,5 мың тонна сіңірілді, 313 мың га тыңайтылды, 2016 ж.– 10,4 мың тонна).

Шығымдылығы 12,7 ц/га кезінде бастапқы кірістеу салмағымен 5,3 млн. тонна астық жиналды (2016ж. шығымдылығы12,4 ц/га кезінде 5,2 млн. тонна болған).

Облыс халқын әлеуметтік маңызы бар өнімдермен үздіксіз жабдықтау үшін барлық санаттағы шаруашылықтарда 72 мың тонна көкөніс және 187 мың тонна картоп өндірілді, бұл осы өнімге деген қажеттіліктен асып түседі.

Барлық санаттағы шаруашылықтарда ет өндірісі 1,0% (92,2 мың тонна), сүт 1,0% (382,5 мың тонна) және жұмыртқа 7,3% (649,3 млн. дана) өсті.

Іс жүзінде барлық ауылшаруашылық мал басының өсімі байқалды. Асыл тұқымды ІҚМ саны 76,3 мың бас құрады немесе жалпы мал басының 17,2%.

Мал шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты салалық бағдарламалардың орындалуы болып қала береді («Сыбаға» 129%, «Құлан» 134%, «Алтын-асық» — 110%, «Ырыс» — 100%, жайылымдарды суландыру бойынша 107%).

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2016-2017 жылдары 33 АӨК (ауылдық өндірістік кооперативі) құрылды, олардың ішінде 20-сы ет және 13-і сүт бағытындағы. 5 модульді сүт қабылдау пункті және 12 мал сою пункті ашылды.

Бүгінгі күнде 9 АӨК 13 мың тонна көлемінде сүт сатып алды (жоспары 6 мың тонна кезінде немесе 217%).

Мал шаруашылығында Қарабалық ауданындағы «Терра» ЖШС заманауи мал бордақылау алаңы және Арқалық ет комбинаты базасында екі ет кластерін іске асыруға кірісті.

Сүт өндірісінің орнықты өсуі және қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту үшін «Милх» ЖШС модернизацияланған сүтті қайта өңдеу зауытының базасында сүт кластері құрылатын болады.

Майлы дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуді және Қостанай қаласында салынуы жоспарланып отырған ірі май экстракциялық зауытының базасында майлы дақылдар тұқымы өндірісі көлемдерін ұлғайтуды ескере отырып, майлы дақылдар кластерін құру жоспарлануда.

Жалпы алғанда, халықтың тамақ өнімдерінің негізгі тобы бойынша қажеттілігі, негізінен өз өндірісіміз есебінен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жылдары жүргізілген модернизациялау, қайта өңдеу кәсіпорындарын астық және ет жөнінен жүктемелілігін 6%, сүт бойынша 7% ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2017 жыл ішінде сыртқы нарыққа ұн шығару көлемдері 20 мың тоннаға ұлғайды және 880 мың тоннаға жетті.

Жарма мен тауық жұмыртқасы экспортының көлемдері шамамен 3 есе, өсімдік майы 3,9 есе, ет пен ұқсатылған ет өнімдері 1,5 есе өсті.

2017 жылы аграрлық секторда құны 4,4 млрд. теңгенің 19 инвестжобасы іске асырылды. Ағымдағы жылы астықты, етті терең қайта өңдеу саласында 3 ірі инвестжобаны іске асыру жоспарлануда.

Инвестициялар. Облыс экономикасына 2017 жыл ішінде шамамен 200 млрд. теңге инвестиция құйылды, НКИ – 102,8%.

Салынған қаражаттың негізгі үлесі – бұл кәсіпорындардың өз қаражаты 138,4 млрд. теңге немесе 70,0%, 45,4 млрд. теңге – бюджет қаражаты (22,8%), 15,5 млрд. теңге – заем қаражаты (7,8%).

Инвестициялардың неғұрлым көп көлемі, бұрынғысынша, 2 негізгі салаға тиесілі, бұл – ауыл шаруашылығы – 19,0% (37,9 млрд. теңге) және өнеркәсіп – 51,0% (100,7 млрд. теңге).

Жыл басынан бері өнеркәсіптің өңдеу саласына инвестиция құюдың 53,0% ұлғайғанын атап өткен жөн (18,7 млрд. теңге салынды).

Инвестицияны талап ететін перспективалы жобалар бойынша жұмыс жүйелендірілді. Бірінші рет инвестициялық жобалар және өңірлердің алаңдары, сондай-ақ қолжетімді инфрақұрылымы мен пайдалы қазбаларының барлығы жөніндегі ақпаратты қамтитын облыстың интерактивті инвестициялық картасы әзірленді және пайдалануға енгізілді.

Облыс үшін 2017 жылғы қыркүйекте Қостанай қаласында өткізілген «Kostanay Invest 2017» өңірлік инвестициялық форумының маңызы зор болды, оған шамамен 300 адам, соның ішінде жақын және алыс шетелден 100 шақты қонақ қатысты. Форум аясында жалпы сомасы шамамен 200 млрд. теңге тұратын ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы 26 құжатқа, соның ішінде 21 меморандумға қол қойылды.

Кәсіпкерлерге инвестициялық және өндірістік алаңшалар жасау мақсатында, 2017 жылғы желтоқсанда Қостанай қаласында Индустриалдық аймақтың бірінші кезегі іске қосылды.

Мәселен, Индустриалдық аймақтың болашақ резиденттеріне жайлы жағдайлар жасау үшін қажетті әкімшілік-тұрмыстық кешені ашылды.

Индустриалдық аймақтың аумағында экономиканың машина жасау және металл өңдеу, химия және тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі және басқа да қайта өңдеу салалары тәрізді секторларының кәсіпорындарын орналастыру жоспарлануда.

Шетелдік және қазақстандық компаниялармен жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс қазірдің өзінде өз нәтижесін беруде.

Қазірдің өзінде «VEK-Qazaqstan» ЖШС-нің лифті жабдықтары өндірісі жөніндегі зауыты орналастырылатын әмбебап-тұрмыстық құрастыру кешенінің құрылысы аяқталып келеді.

«Global Gas Group» ЖШС (Сұйтылған табиғи газ технологиясы базасында және Астанаға табиғи газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету), «Астық» элеваторлар жабдығы зауыты» ЖШС (метиз зауытын іске қосады), «Урал LTD» ЖШС («Кировец» тракторларының өндірісі) мүдделілік танытты.

Қазіргі уақытта Индустриалдық аймаққа «Арнайы экономикалық аймақ» мәртебесін беру жөнінен Үкіметпен тығыз жұмыс жүргізілуде.

АЭА шеңберінде болашақ инвесторлар мен кәсіпкерлерге қосымша жеңілдіктер пайда болады, атап айтқанда: инженерлік және көлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері бөлінеді, салық артықшылықтары мен кедендік жеңілдіктер, құқықтар мен мүдделерді қорғау кепілдіктері.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы.

Экономиканы дамыту механизмдерінің біріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік жатады.

Әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу үшін мемлекет пен жеке сектордың ресурстарын біріктіру мақсатында біз 26,3 млрд. теңгенің 54 жобасымен жұмыс істеп жатырмыз.

20 жоба бойынша 12,1 млрд. теңгенің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қойылды, оның ішінде білім беру (9), денсаулық сақтау (1), құрылыс (1), дене шынықтыру және спорт (5) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (4).

Өткен жылы шарттарға қол қойылған ірі жобалардың қатарына спорт саласындағы жобалар жатады.

Мәселен, Рудный қ. жеке әріптес мини-футболға арналған «Futsal Arena» спорт кешенін салды, Қостанай қ. ауыр атлетикамен айналысуға арналған жекпе-жек сарайы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар өткен жылы МЖӘ шеңберінде жалпы сомасы 7,6 млрд. теңгеге 3 ірі жобаның құрылысы басталды. Бұл футбол манежінің құрылысы, спорттық-көңіл көтеру кешені және 50 метрлік бассейн.

Халықтың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығын ескере отырып, 2018 жылы 2,5 мың орынға арналған заманауи Мұз сарайының құрылысы басталады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық та назардан тыс қалған жоқ. МЖӘ механизмдерін пайдалана отырып, біз білім беру мекемелерінде орнатылған қазандықтардың мәселесін бірте-бірте шешеп жатырмыз.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда МЖӘ механизмдерін қолдану жұмысы жалғасатын болады.

Сыртқы экономикалық қызмет.

Облыс бойынша сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 1836,8 млн. АҚШ долл. құрады, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімі 23,8% (2016 жылдың 11 айында 1483,6 млн. АҚШ долл.). Тауар айналымы құрылымында экспорт жеткізулері 49,6%, импорттық операциялар үлесі 50,4%. 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда облыстың экспорты 16% өсіп, 911 млн. АҚШ долл. құрады. Импорт 925,8 млн. АҚШ долл. құрап, 32,6% өсті.

Облыстың экспорттық жеткізулері 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда темір рудасы өндірісі 31,1%, асбест 2.5% ұлғайды, ал астық экспортының көлемі 16,7%, ұн 3,9% азайды. Экспорттық жеткізулер жүзеге асырылатын негізгі елдер: Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан, Қытай, Иран және Тәжікстан.

Инфляциялық процестер.

Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 6,9% құрады.

Негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуін болдырмау мақсатында ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу жұмысы жалғасуда.

Өткен жылы 333 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, нарық бағасынан 15-30% төмен бағаға 5,6 мың тонна азық-түлік өнімдері сатылды.

Мұның сыртында, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауары бойынша ірі супермаркеттерге, сауда орындары мен азық-түлік базарларына тұрақты мониторинг жүргізілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста шамамен 48,2 мың шағын және орта бизнес (бұдан әрі — ШОБ) жұмыс істеді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,1% құрайды.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3% ұлғайып, 501,1 млрд. теңгені құрады (НКИ — 127,6%).

Шағын және орта бизнесті қолдау «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

2017 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін 2 238,5 млн. теңге бөлінді (проценттік мөлшерлемені субсидиялау — 2 015,6 млн.теңге, кредит кепілдіктері — 192,9 млн. теңге, гранттық қаржыландыру — 30,0 млн. теңге).

2017 жылы Бағдарлама аясында 286 жоба мақұлданды (кредиттің жалпы сомасы 29 557,3 млн. теңге), оның ішінде:

— сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау — 203 жоба;

— кредиттердің ішінара кепілдігі — 83 жоба.

30,0 млн. теңгеге 12 мемлекеттік грант берілді.

Қалаларда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 2017 жылы 829,7 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылғы 1 ақпан жағдайы бойынша жалпы сомасы 535,4 млн. теңгеге микрокредиттеудің 43 өтінімі мақұлданып, 65% игерілді. Сондай-ақ 49,9 млн. теңгеге 14 кепілдеме мақұлданды, оның ішінде облыстық бюджеттің қаражаты — 8 млн. теңге.

2016 жылдан бастап облыста Кәсіпкерлерді өңірлік қаржыландырудың «Қос Қолдау» бағдарламасы жұмыс істеуде. Аталған бағдарлама бойынша екі жыл ішінде 1 148 млн. теңгеге 46 кредит, оның ішінде 2017 жылы жалпы сомасы 824 млн. теңгеге 31 кредит берілді.

Сол сияқты 2016 жылдан бастап «Атамекен Қостанай» микроқаржы ұйымы арқылы микрокредит беру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында барлығы жалпы сомасы 701 млн. теңгеге 142 шағын кредит берілді, оның ішінде 2017 жылы 482,7 млн. теңгеге 79 микрокредит берілді.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асырумен қатар облыста бизнесті қолдау саласында да жұмыс жүргізілді.

Азия даму банкінің сарапшылары облыста кәсіпкерлікті дамыту деңгейін зерттеп, облыс кәсіпкерлігін дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл мақсатқа АДБ 150,0 млн. теңге көлемінде гранттық қаражат бөлді.

ТҮКШ дамыту. Елді мекендерді сумен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді, өйткені бәріміз үшін су тіршілік нәрі.

2017 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтуды жақсарту үшін сумен жабдықтаудың 10 объектісін қайта жаңғырту үшін бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді.

Олардың ішінде өткен жылы 3 объект пайдалануға берілді, нәтижесінде 6 ауылға су жеткізіліп, 5,7 мың адамның сумен жабдықталуы жақсарды, сумен жабдықтаудың қалған 7 жобасы бойынша 2018 жылы жұмыс жалғасады. Сондай-ақ ағымдағы жылы сумен жабдықтау және суды бұрудың 10 жаңа жобасы бойынша жұмыстар басталады.

Жалпы алғанда, 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда сумен жабдықтау және суды бұру объектілерін дамытуға бюджеттен 2 есе артық қаржы бөлінеді, бұл 5,6 млрд. теңгені құрайды.

2018 жылдың аяғына дейін 8 ауылдық сумен жабдықтау объектісін пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 41,5 мың адам тұратын 6 елді мекеннің сумен қамтамасыз етілуін жақсартады. Алғаш рет сумен жабдықтау жүйесіне 1,9 мың адам тұрғыны бар 2 ауыл қосылады, бұл ретте облыста орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі 31,8% 32,2% дейін (177 елді мекеннен 179-ға дейін) ұлғаяды.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы сомасы 10,1 млрд. теңгеге жылумен-, сумен жабдықтау және ағын суларды бұру жүйесін жаңғырту бойынша 19 объектіде жұмыстар жүргізілді. 17 жоба аяқталды, ағын суларды бұрудың 2 объектісі өтпелі, осы жылы аяқталады.

17 жобаны іске асыру нәтижесінде Таран ауданының Тобыл кентінде 1,97 км жылу желілері, 143,2 км су құбыры желілері және 6,7 км ағын суды бұру желісі, қуаттылығы 19,7 МВт қазандық, Лисаков қ. жоғарғы Тобыл су торабы, Қостанай қ. су торабы сорғы станциясы қайта жаңғыртылды, Қостанай қаласында қуаттылығы тәулігіне 73 мың м3 болатын №5 кәріздік сорғы станциясы салынды. Алғаш рет 500-ден астам адам тұратын 1 ауыл (Ырсай а.) орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды.

2017 жылы Қостанай облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы Меморандумды іске асыру жұмысы жалғасты, оның аясында 3 ауылда газ тарату желілері салынып, Денисов ауданының Алшан, Антоновка ауылдарының, Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылының тұтынушыларына газ жеткізілді, Рудный қаласының 3-ші ықшам ауданы мен 41-56 кварталдары және Федоров ауданының Федоровка ауылында газ тарату желілерінің құрылысы басталды.

2018 жылы облыс әкімдігі Меморандумды жүзеге асыру үшін Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылын, Рудный қаласының 41-56 кварталдары мен 3-шағын ауданын газдандырудың 4 жобасын іске асыру үшін 2,0 млрд. теңге қарастырылған.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай филиалы 2017 жылы Меморандумды іске асыру аясында Ворошиловка ауылын газдандыру, Қарабалық кентінің газдалмаған көшелерін, Боскөл ауылының Октябрь көшесін газдандыру аяқталды, Денисов ауданының Антоновка және Алшан ауылдарына, Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылына газ жеткізу құбырларын салу орындалды.

2018 жылы Әулиекөл ауылында АГТС құрылысымен Тобыл кенті — Әулиекөл ауылының магистралды газ құбырын салуды аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 2018 жылы облыстың 6 елді мекенінде газбен жабдықтау желілерін салу үшін 7 ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу аяқталады.

Тұрғын үй құрылысы. «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын кең көлемде іске асыру құрылыс саласына ғана емес, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына да зор үлес қосты.

Облыста тұрғын үй құрылысы саласында үлкен қадам жасалды. Мәселен, баспана беру 36% ұлғайды (264,7 мың шаршы метр), 2,6 мыңнан астам отбасы өзінің тұрмыс жағдайын жақсартты.

Жалпы, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы өткен жылы 16,5% артты (2017 ж. — 12,7 мың шаршы метр, 2016 — 10,9 мың шаршы метр), кредиттік 6,7 есе (2016 ж. — 13,4 мың шаршы метр, 2017 ж. — 89,5 мың шаршы метр).

Сатып алу құқығынсыз жалпы ауданы 26,8 мың шаршы метрді немесе 381 пәтерді құрайтын жалға берілетін 7 үйді салу үшін 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2017 жылы 4 үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 12,7 мың шаршы метр (180 пәтер).

Қостанай қаласында келесі жылға өтпелі 3 үй 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, 480 пәтерге арналған, жалпы ауданы 37,2 мың шаршы метр болатын 8 кредиттік үй енгізілді, ол үшін 1,281 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

Мұның сыртында, ЖАО (жергілікті атқарушы орган) облигацияларын шығару арқылы жалпы сомасы 72,9 мың шаршы метр баспананы құрайтын 4,0 млрд. теңге сомасында 19 кредиттік үйдің құрылысы басталды (1 086 пәтер). «Байтерек Девелопмент» АҚ бағыты бойынша Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында жоспарланған 7 кредиттік үйдің құрылысы аяқталды.

«ҚИК» АҚ бағыты бойынша 2017 жылы жалпы ауданы 14,3 мың шаршы метр (198 пәтер) болатын 2 үйдің құрылысы басталды, сомасы 1 436,2 млн. теңге.

Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысының өсу қарқынын жыл сайын арттыру туралы тапсырмасын орындау үшін жалпы ауданы 2 мың гектарды құрайтын перспективті даму аудандарын белгіледік, онда қосымша 1,7 млн шаршы метр баспана салу жоспарлануда.

Көліктік инфрақұрылым. 2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстарына 28,7 млрд. теңге (бұл 2016 жылдан 1,8 есе артық) жұмсалды. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының 485 км жөндеумен қамтылды, бұл «жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі» нысаналы көрсеткіштің 64%-на жетуге мүмкіндік туғызды.

2018 жылы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында және елді мекендердің көшелерінде 31,8 млрд. теңгеге (2017 ж. 10,8% артық) жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының 595,8 км жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 66%-на жетуге мүмкіндік туғызады (соның ішінде қайта құру — 128,4 км; күрделі жөндеу – 26,4 км; орташа жөндеу – 441 км; қалалар мен аудандардың көшелері – 950 м2). Қостанай қаласына кірер жолындағы жаңа көпірдің (кәріс көпірі) құрылысына құжаттамалар әзірленуде.

Бюджет. 2017 жылы мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 105,1%, соның ішінде республикалық бюджет — 100,9%, жергілікті — 111,7% орындалды.

2016 жылмен салыстырғанда кірістер 23,6 млрд. теңгеге, соның ішінде республика бойынша 14,5 млрд. теңгеге көбейді. 2017 жылдың қорытындылары бойынша бюджет шығыстары 99,9% орындалды.

Жекешелендіру. Мемлекет Басшысының мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне араласуын қысқарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында «Yellow Pages» принципі бойынша Қостанай облысында 2017 жылы квазимемлекеттік секторының 57 субъектісі бойынша (5 сатылды; 4 – сенімгерлікпен басқаруға берілді; 17 – таратылды; 23 – ММ болып қайта құрылды; 6 – қосылу жолымен қайта құрылды; 2 – таратылу сатысында) іс-шаралар жүзеге асырылды.

Жекешелендірудің 5 объектісін өткізуден мемлекеттік бюджет 186,7 млн. теңгеге толықтырылды.

Қазіргі таңда 55 кәсіпорын бойынша жұмыс аяқталды, бұл жоспарлы мәнінен 96,5% құрайды.

Жалпы, өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік ұйымдардың саны 42 бірлікке қысқартылып, 340 кәсіпорын (2016 жылы – 382 бірлік) құрды.

Денсаулық сақтау. 2017 жылы халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінде оң серпін байқалады. Өлімнің:

— ана өлімі – 24,5-тен 8,5-ке дейін (100 мың тірі туғандарға);

— туберкулезден – 4,8-ден 3,7-ге дейін (халықтың 100 мыңына);

— онкологиялық аурулардан – 95,1-ден 92,0-ге дейін (халықтың 100 мыңына) төмендеуі байқалады.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы ұлғайып, 71,5 жасты (2015 жылы – 70,7 жас) құрайды.

Емдеу-профилактикалық ұйымдарын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау жөніндегі жұмыс жалғасуда. Аталған мақсатқа 2017 жылы 2,2 млрд. теңге, оның ішінде медициналық жабдықтарға — 1,3 млрд. теңге, Қостанай қаласында медициналық жедел жәрдем қызметіне реанимобильдің 7 бірлігін сатып алуға — 223,9 млн. теңге, орталық аудандық ауруханалар мен медициналық жедел жәрдем қызметіне санитарлық автокөліктің 11 бірлігін сатып алуға — 54,8 млн. теңге, медициналық ақпараттық жүйесін енгізуге — 361,3 млн. теңге, медициналық ұйымдарды компьютерлік техникасымен (429 бірлік) жабдықтауға — 102,0 млн. теңге жұмсалды.

Денсаулық сақтаудың 5 объектісінде 278,3 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы аталған мақсаттарға 2,5 млрд. теңгеден кем емес қаржы жұмсау жоспарлануда.

Білім. Сапалы білім алуға қажетті жағдайлар жасау үшін облыс бюджетінің негізгі бөлігі осының шығыстарына жұмсалады. Осылайша, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы олар 3,1 млрд. теңгеге немесе 5,6% ұлғайды және 62,0 млрд. теңге құрды.

2017 жылы Әулиекөл ауданының Көктал ауылында орта мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Қостанай қ. «Аэропорт» шағын ауданында жалпы сомасы 1 632,7 млн. теңге құрайтын 900 орынға арналған орта мектептің құрылысы жүргізілуде.

Ағымдағы жылы апаттық және өз ғимараты жоқ (Әулиекөл ауд. Аманқарағай ОМ, Аманкелді ауд. Аманкелді ОМ, Қарасу ОМ, Қарабалық №3 ОМ) мектептің орнына 4 мектептің құрылысына, сондай-ақ, облыс орталығының «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орынға арналған жаңа мектептің құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін 108 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Орта білім жүйесінде жаңартылған білім мазмұнын енгізу жалғасуда. Осы мақсатта облыс мектебінің 87,2% қазіргі заманғы мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған. Мектептердің 98,8% кең жолақты Интернет желісіне (жылдамдығы 4-тен 10 Мегобит/сек.) қол жеткізді. Ағымдағы жылы жабдықтар мен Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 650 млн. теңгеге жуық қаржы (649 245 мың тг) қарастырылған.

Мемлекет Басшысының Жолдауын және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018 жылы облыс орталығында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің негізінде IT-технологиялар мамандырылған мектеп-лицейі-интернаты ашылатын болады.

Сондай-ақ, Президентіміздің Жолдауына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде балалар технопаркі мен бизнес-инкубаторларды құру үшін 2018 жылдың 30 наурызына дейін облыстың әрбір өңірінің қосымша білім беру ұйымында цифрлы технологиялар кабинеттері ашылатын болады. Аталған кабинеттерде интерактивті жабдықтар, робототехника мен 3D-модельдеуге қажетті жиынтықтар орналастырылады.

Сонымен қатар «Баршаға арналған тегін техникалық білім» жобасы іске асырылуда. 2017 жылы Жоба шеңберінде 8288 тыңдаушы мен студент оқуға түсіп, білім алуда. Мемлекеттік тапсырыс және қысқа мерзімді оқыту есебінен жұмысшы кәсіптерге бөлінген бюджеттік орындардың үлесі 65,5% ұлғайды (2015 ж. – 40,5%; 2016 ж. – 45,5%).

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік білімнің жаңартылған мазмұнын енгізу бойынша 2 құзыретті орталығы (Қостанай жоғары политехникалық колледжінің, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің негізінде) құрылатын болады. Білім саласына ағымдағы жылы 50 млрд. теңгеден кем емес қаржы жұмсау жоспарлануда.

Әлеуметтік қорғау. Іске асырылуына 5,5 млрд. теңге жұмсалған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы 26,3 мың адамды жұмыспен қамтуға ықпал етті, бұл жоспардан 1,4 есе артық (18,3 мың адам).

Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспар 1,3 есе асыра орындалды (жоспар – 10 мың орын, факті – 13,2 мың орын), ал жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді (2016ж. 3-тоқсаны – 4,9%, ҚР – 4,9%).

Сондай-ақ жұмыспен қамту іс-шараларына тарту үшін нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан негізгі контингент анықталды.

Жалпы облыс бойынша олардың саны 47,4 мың адам құрайды, оның ішінен ағымдағы жылы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешендік жоспары шеңберінде 22,4 мың адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету көзделген.

2018 жылы Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 6,5 млрд. теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18,2%- ға артық.

Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға қатысты қабылданатын шаралар жалғасуда.

Барлығы кешенді жоспар шеңберінде 22 мыңнан аса адамды қамту жоспарлануда.

2017 жылы 1360,4 млн. теңге сомасына 51,4 мың азамат әлеуметтік көмек алды.

2018 жылы осы мақсаттарға 1450,5 млн. теңге қарастырылған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6% артық.

2017 жылдың басынан «Өрлеу» жобасына 179 отбасынан 715 жаңа қатысушы тартылды. Шартты ақшалай көмек 33,4 млн. теңге сомасында төленді.

Бұдан басқа, біз өңіраралық еңбек көші-қоны арқылы экономикалық әлеуеттің ұлғаюын күтудеміз.

Ағымдағы жылы қоныс аударушылардың 272 отбасы және оралмандардың 25 отбасы қабылданатын болады.

Оларды облыстың 20 өңіріне қоныстандырып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік, шағын және орта бизнес салаларында жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Мәдениет. Облыстық көркемөнер халық шығармашылығы орталығы мен облыстық филармония 383 іс-шара өткізіп, облыстың мәдени-демалыс ұйымдары 23 941 іс-шара ұйымдастырды, Қостанай облысының 63 көркемөнер ұжымы «Халықтық» атағына ие.

Облыс мұражайлары 10 231 экскурсия, 692 лекция өткізіп, 904 көрме, 717 бұқаралық іс-шара ұйымдастырып, қорларға 5926 экспонат түсті.

Облыс театрлары 998 спектакль, оның ішінде: 25 премьера көрсетті, көрермен саны 195,9 мың адамды құрады.

Облыс бойынша кітапханалар жылдың басынан бастап 351,5 мың оқырманға қызмет көрсетті.

2017 жылы бірқатар ауқымды іс-шара іске асырылды, облыстың 97 шығармашылық ұжымы мен 157 дарынды өкілі 63 фестиваль мен конкурсқа қатысты, олардың 28-нің халықаралық маңызы бар.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту. Спортта да біз сол сияқты үлкен жетістіктерге жеттік.

Республика чемпионаттарында облыс спортсмендері олимпиядалық спорт түрлері бойынша 556 медальге, соның ішінде: 179 — алтын медальге және олимпиядалық емес спорт түрлері бойынша 479 медальге, соның ішінде: 160 алтын медальге ие болды.

42 спортшы 20 халықаралық жарысқа қатысты.

Олимпиядалық спорт түрлері жөніндегі халықаралық жарыстарда әртүрлі дәрежедегі 10 медальді, оның ішінде 3 алтын медальді иеленді.

Велоспорт бойынша Азия чемпионы Марухин Даниил болды, маунтинбайка жөнінен Азия кубогына Потапенко Дмитрий ие болып, бокс бойынша Азия жастар чемпионатының чемпионы Семенов Даниил болды.

28-ші қысқы бүкіләлемдік Универсиада ойындарында облыс спортсмендері 3 медальды – екі күміс және 1 қола (күміс медальдар: шаңғымен жарыста – Пухкало Виталий және шайбалы хоккейде – Грязнов Максим, қола медаль (шорт-трек) – Крестова Анастасия) жеңіп алды.

2017 жылғы қысқы Азия ойындарында 3 медальға: бір күміс және 2 қола (күміс және қола медальдар (коньки спорты) – Денис Кузин, қола медаль (шорт-трек) – Анастасия Крестова) медальға ие болдық. Шадукаев Темірлан жабық алаңдардағы V Азия ойындарының қола жүлдегері (грек-рим күресі) атанды. Облыс спортсмендері олимпиядалық емес спорт түрлері бойынша Әлем және Азия чемпионаттарында 30 медальды қанжығаларына байлады, оның ішінде: 14 алтын, 7 күміс және 9 қола медаль (2016 жыл – 1 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль).

Бұқаралық спортты дамыту 2017 жылы 13 халықаралық кластағы спорт шеберін, 59 спорт шеберін, 20 жоғары санаттағы жаттықтырушы мен 9 ұлттық санаттағы спорт төрешісін дайындауға мүмкіндік берді.

Бір жылда 25 спорт объектісі салынды, оның ішінде: бір стадион – Амангелді ауданының Амангелді ауылында, 2 спорт кешені — Рудный және Қостанай қалаларында, 1 хоккей корты – Лисаков қаласында, 2 теннис корты мен 19 спорт алаңы — Рудный және Қостанай қалаларында, соның ішінде ауылдық жерлерде 8 спорт алаңы салынды.

Спорт резервін дайындауды 31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жүргізеді, оларда 18,5 мың бала (2016 жыл – 18,2 мың адам) шұғылданады, ол жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 17,9% құрайды.

Спорт мектептерінде 540 оқытушы-бапкер жұмыс істейді, 2016 жылғы деңгейден 7 адамға артық (2016 жылы – 533 жаттықтырушы).

Қоғамдық-саяси ахуал.

2017 жыл ішінде облыстың қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты деп сипатталды.

Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының негізгі басымдықтарын ілгерілету жөнінен идеологиялық жұмыс тұрақты негізде ұйымдастырылған. 2017 жылы 19 мыңнан астам кездесу өткізілді.

Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінен жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгеден асатын шаралар кешені жүзеге асырылып, оның аясында Кейкі батырдың сүйегін көму, Шақшақ Жәнібекке ескерткіш ашу, Ыбырай Алтынсариннің кесенесін қайта жаңғырту бойынша іс-шаралар өткізілді.

Облыстың сакралды жерлері бойынша экспедиция ұйымдастырылған «Ұлы дала қазынасы» жобасы қоғамдық резонансқа ие болды. Қалалар мен аудандарда әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылды: балалар және спорт алаңдары, шағын орталықтар, мәдениет үйлері ашылып, 100 астам білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері жөндеуден өтті.

Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және жергілікті қауымдастық проблемаларын шешуге ат салысады. 2018 жылдың 1 қаңтарына облысымызда 995 ҮЕҰ тіркелген. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облысымызда 187,4 млн. теңгенің 179 жобасы іске асырылды.

Өңірлік медиа-кеңістікті 120 БАҚ ұсынады, соның ішінде: 87 баспа және 33 электрондық БАҚ. БАҚ үшін ақпараттық себептер қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар, департаменттер мен ұйымдар басшыларының брифингтері болып отыр. 2017 жыл ішінде өңірлік коммуникациялар қызметінде 89 брифинг өткізілді.

2018 жылы өңірдің қоғамдық-саяси өмірі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-шараларға бай болады.

Жылдың басты мерейтойы болып Астананың 20 жылдығын тойлау белгіленіп отыр. Жыл бойы облысымыздың қалалары мен аудандарында қалың халықтың қатысуымен Астананың имиджін ілгерілету мен өңір дамуының жетістіктерін көрсетуге бағытталған әртүрлі жоспардағы іс-шаралар өтеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Мемлекеттік органдар, оның ішінде қызметті беруші органдар қызметінің басымды бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету, олардың сапрасын арттыру, қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті азаматтар мен бизнестің қажеттілігін барынша қанағаттандыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

Облыс әкімдігінің атқарушы органдары 2017 жылы 2 млн. жуық мемлекеттік қызмет (1 989 883 қызмет) көрсетті, соның ішінде: ХҚКО арқылы – 161 554 немесе 8,1%, мемлекеттік органда – 1 409 084 немесе 70,8%, электрондық түрде – 419 245 немесе 21,1%.

Қазіргі таңда атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді нақ электрондық түрде көрсету үлесін ұлғайтуға бағдарланып отыр. Электрондық қызметтерді көпшілікке тарату қызметтерді көрсетудің аталған тәсілінің артықшылығы туралы халыққа ақпараттық-түсіндірме жұмысын қатар жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсету орындарында өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Қызмет көрсету сапасын көтеру үшін қызмет беруші органдар қызметіне тексеру жүргізіледі. Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.

Әкімдердің есеп беру кездесулері. Ауылдық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері аяқталды, барлығы 555 кездесу. Қазіргі муақытта қалалар мен аудандар әкімдерінің халықпен кездесулері өтуде, 14 ақпанда аяқталады. Барша деңгейдегі әкімдердің барлығы 576 кездесуі болады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулеріне 54 мыңнан астам адам қатысты. Кездесулер барысында тұрғындардан 1,3 мыңнан артық сұрақ пен ұсыныс түсті.

Облыс тұрғындары әртүрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді, соның ішінде: ауыз су, тұрғын үй және жер мәселелері, автомобиль жолдарын, әлеуметтік объектілерді жөндеу және ұстау, елді мекендерді абаттандыру, электрмен, газбен, телефонмен жабдықтау мәселелері бойынша және басқалары. Барлық көтерілген мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, қарау үшін уақыт талап етілетін бір бөлігі бақылауға алынды.

Жеке және заңды тұлғалар өтініштері. Мемлекеттік органдар қызметінің маңызды бағыты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс болып табылады.

2017 жылы барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті, ол 2016 жылмен салыстырғанда 17,7% төмен.

Қарау бойынша 28,1 мың өтініш қанағаттандырылып, қалғандарына түсініктемелер берілді. Тініштердің ең көбі жер ресурстары мен жер пайдалану (26,9%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (16,7%), табиғи-шикізат ресурстарын пайдалану, экология (9,6%), әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша келіп түсті (9,3%). Азаматтар тмемлекеттік органдарға өтініштерді беру кезінде ақпараттық жүйелерді белсенді пайдаланады.

Мәселен, «электрондық үкімет» порталы арқылы облыс әкімінің аппаратына 2017 жылы 143 адам өтініш берді (2016 жылы – 71), өсім — 49,6 %. Облыс әкімі блогының жұмысы. Тұрақты негізде облыс әкімі блогының, қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар басшылары блогының қызметіне мониторинг жүргізіледі.

Барлығы 2017 жылы облыс әкімінің блогына 139 сұрақ түсіп, оларға уақтылы жауаптар мен түсініктемелер берілді. Қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар басшыларының блогына 2017 жыл бойы 2 591 өтініш түсті. Өзекті мәселелер болып бұрынғыдай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, баспанамен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері болып отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес. Өткен жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін – жергілікті атқарушы органдардың 9 лауазымды тұлғасы сотталып, 3-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2016 жылы – 8 және 2 тиісті).

Тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сақтандыру және алдын алу жөніндегі іс-шараларды анықтайтын бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша барлық тиісті шаралар қолданылуда. Аталған бағытта 2013 жылдан бастап жұмыс істейтін Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия өзінің тікелей функцияларын орындауды жалғастыруда.

Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, алдын алу іс-шараларының тиімділігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау алғышарттарын жою сияқты өзекті мәселелерді қарайды . Комиссия отырыстарының барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мүдделі мемлекеттік органдар іс-қимылдарының қағидаттары, ағымдағы проблемаларды талқылау және оларды шешу жолдары әзірленеді. Сыбайлас жемқорылқпен күрес жүйелі сипаттағы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына, оның себептерін жоюға және кадр саясатын жетілдіруге бағытталғандығын атап өту қажет. Осы жұмыста қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғам институттары маңызды рөлін атқаруда.

Қорытынды. 2017 жылғы облыстың дамуын қорытындылай келе, дамудың негізгі макроэкономикалық көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім 9 айдың қорытындысы бойынша 3,9% ұлғайды және 1 256,5 млрд. теңге құрды. Экономика салаларының даму фактілерінің ықпал етуін ескере отырып, 2017 жылы ЖӨӨ өсуін 4,0%-ға болжамдаймыз.

Біздің міндетіміз — ағымдағы жылы қол жеткізген нәтижені нығайтып, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеу. Бұған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Қостанай облысы әкімдігімен әзірленген Жол картасының іске асырылуы ықпал етеді. Картада келесі тоғыз бағыт бойынша: ауыл шаруашылығы, қалалық басқару, бизнес, білім, денсаулық сақтау, көлік, экология, әлеуметтік сала, қауіпсіздік бағыты бойынша «шұғыл жеңістер» 74 іс-шараның іске асырылуы көзделген.

Негізгі іс-шараларды шешу:

— ТКШ желісі бойынша сыртқы жарықтандыру мен бағдаршамдарды автоматтандырылған басқару жүйесін, жолаушылар көлігінің қозғалысын мониторингтеу жүйесін, қаланың коммуналдық және шұғыл қызметінің тиімді жұмысын жолға қоюды;

— білім саласында ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қостанай қаласында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің негізінде IT-технологиялар мамандырылған мектеп-интернаты ашылатын болады;

– денсаулық саласында қағазсыз медицинаны, дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазылу және тағы басқа мобильді қосымшаларды енгізуге мүмкіндік туғызады. Қостанай облысы ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша пилоттық өңір ретінде белгіленді.

Біздің аграрийлеріміз кейбір әлемдік үздік технологияларды енгізуде. Өсімдік шаруашылғы бағыты бойынша егістіктердің электрондық карталарын және егіс айналымының автоматтандырылған жүйелерін, «ақылды су бүрку» және «ақылды минералдандыру» жүйелерін енгізу жоспарланған.

Мал шаруашылығында малдың орналасқан орнын қадағалау, жайылымдардың тозуын мониторингтеу, шөп сапасын бағалау, сүт кешендерін жаңғырту жөніндегі дрондарды кеңінен енгізу көзделген.

Сондай-ақ дайын өнімді маркілеу үшін электронды штрих-кодтарды енгізу жоспарлануда, бұл соңғы сатып алушыларға ІҚМ шығу тегі жөнінде толық ақпаратты береді.

Жаңа технологиялардың қолдануына ауыл шаруашылығы саласында кадрларды дайындайтын және мамандарды оқытатын құрылып жатқан Агротехнологиялық хаб ықпал ететін болады.

Сондай-ақ облыста «Ақылды қалалар» даму жобаларының іске асырылып жатқанын атап өту қажет.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі елордаға құнды дүниелер алып келді

Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық  музейі көрмесінің ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *