ganibet

Қостанай облысындағы өртке кінәлі болуы мүмкін бірнеше күдікті анықталды — министр

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады BAQ.KZ. Қостанай облысындағы өртке оранған аудандарға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда, — деді Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысынан соң. Еске салайық, қыркүйекте Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман өртке оранып, салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын ...

Толығырақ »

Рудный әкімнің орынбасары «cұмырай» деген сөзі үшін жұмыстан кетуі мүмкін

Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовты әкімдік қызметкеріне айтқан балағат сөздері үшін қызметінен босату ұсынылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап. Балағат сөздер әкімдік ғимаратын күтіп ұстауға жауапты комендант әйелге айтылған. Әкімдікте кіру және шығуды қадағалау үшін арнайы рұқсат қағаз арқылы өтетін бақылау жүйесі орнатылған. Дереккөздің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары бұл бақылау жүйесін айналып өткен. 28 қыркүйекте де ол бақылау жүйесін ...

Толығырақ »

«Септиктер қарастырылмаған»: Әулиекөлде жаңадан салынған үйлерді су басты

Қостанай облысы әкімдігі Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккендер алған үйлерді су басып қалу себебін түсіндірді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, жобада өрттен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлерге септиктер салу қарастырылмаған. Дегенмен, салынған үйлер ылғалдан қорғалған және су басу қаупі жоқ деп сендірді ол. Әулиекөл ауданындағы өрт салдарын жою аясында зардап ...

Толығырақ »

«Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті

Бүгін Ресейдің Челябі облысының Кунашак ауданында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-шақырымында «Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылған. Челябі облысы бойынша Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, жол апаты қардың көп жаууы салдарынан болған. Жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушы жарақат алған. Олар Челябі, Кунашак, Каслин аудандарындағы медициналық мекемеге жеткізілді. ...

Толығырақ »

Қостанайда жаңадан салынған аялдамалар құлап жатыр

Қостанай қаласында жуырда ғана салынған жаңа аялдамалардың бірі ауа райына төтеп бере алмай құлап қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наш Костанай» сайтына сілтеме жасап.  Сайттың жазуынша, Қостанайдағы Станционный көшесінде отыз жыл бойы тұрған аялдамалар жақында жаңартылып, қар мен жаңбыр астында автобус күтетін жолаушылар қатты қуанған болатын. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған. Аялдама салынған кезде қуанышымызда шек болмады. Өкінішке қарай, келесі күні жаңадан ...

Толығырақ »

Қостанайда науқас ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған

Қостанайда тұратын Никита Журавлев есімді науқас жігіт қаладағы ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған. Өйткені, Қостанай қаласының емханаларында салмағы ауыр адамдарды өлшейтін таразы болмай шыққан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 20 223 810 000 теңгені құрайды. Қостанай тұрғыны Никита Журавлев сирек кездесетін генетикалық ауруға, дәлірек айтсақ, Дюшен ...

Толығырақ »

Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды

Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккен өңір тұрғындарына жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бір жарым ай бұрын тұтанған өрт өңіріміз үшін ауыр сынақ болды. Жан түршігерлік өрт орман мен 91 үйді шарпыды. Біздің басты міндетіміз инфрақұрылымды қалпына келтіріп, адамдарды әдеттегі өміріне қайтару болды, — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Құрылысыс жұмыстары ...

Толығырақ »

Қостанай облысында сәби өлімі 25 пайызға артқан

Қостанай облысында сәби өлімі 25 пайызға артқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Бүгінгі таңда Қостанай облысында нәресте өлімі 25 пайызға көбейгені байқалады. Бұл бағытта өңір еліміздегі антилидерлердің қатарында. Нәрестелер түрлі инфекциялармен және пневмониямен дүниеге келіп жатыр. Мен кеше ғана Перинаталды орталықта болдым. Онда 700-800 грамм салмақпен туған нәрестелерді көрдім. Екінші себеп – бұл туабітті ...

Толығырақ »

Қостанайда ақын-ұстаз Ғалымбек Әбілқайырдың 80 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Қостанайда әдеби апталық аясында Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қадірлі ұстаз, торғайлықтардың гимніне айналған «Туған жер – Торғайым» әнінің авторы, ақын Ғалымбек Әбілқайырды еске алу кеші өтті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл іс-шараға сонау елорда төрінен ақынның ұлы, белгілі журналист, Астана әкімдігіне қарасты Elorda.info сайты бас редакторының орынбасары Ғанибет Ғалымбекұлы арнай шақыртылды. «Көңілімнің шуағы» атты кеште торғайлық ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы орман әдейі өртелген – Юрий Ильин

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке табиғи фактордың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, алапат орман өртіне байланысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Дегенмен өрттің найзағай түсуден тұтанғаны туралы болжам толығымен жоққа шығарылған. 3 қыркүйекте негізгі өртеніп жатқан орманнан 2 шақырымдай жерде бөлек ошақтары болды. Тіпті шыршалардың ұшар басын ...

Толығырақ »