ganibet

«Қызыл аймақта»: Қостанай облысында коронавирус өршіп тұр

Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан.  Ал Нұр-Cұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары аймаққа» кірді. Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.

Толығырақ »

Жангелдин ауданы Қызбел ауылында қуанышты оқиға

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында ұзақ жылдар бойы күткен ұялы байланыс құралы іске қосылды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz сайты. Өткен жылдың соңында Алматы қаласының АЖИО компаниясы ауылға Beeline ұялы байланысын орнатқан. Соның арқасында ауыл тұрғындарын 3G интернетімен қамту мүмкіндігі туып отыр. Ауыл әкімі  Қайсар Сұлтанбекұлы Нұрғазин осы бір игілікті істің орындалуына ықпал еткен азаматтарға ауыл тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді. ...

Толығырақ »

Арқалықта ПТР-зертханасы ашылды

Арқалық өңірлік ауруханасынан жұқпалы індеттің белгілерін анықтайтын ПТР-зертхана ашылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыс әкімдігі жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап. Жаңа зертхананың жұмысын Арқалық қаласының орталық ауруханасы жүйелеп отырады. Жаңа зертхананың көмегімен енді дәрігерлер КВИ сынақ нәтижелерін қысқа мерзімде анықтайды. «Өткен жыл Арқалық қаласы үшін де оңайға тиген жоқ. Әсіресе, жаз айларында бізге сырқаттардың диагнозын анықтау өте қиынға соқты. Өйткені, науқастардан ...

Толығырақ »

Қостанай облысы сайлауды мерзімінен бұрын өткізіп жіберген бе?

Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр. Ал облыстық сайлау комиссиясындағылар ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты кеше қоғам белсендісі Ермек Нарымбай Facebook-тегі парақшасына жариялады. Ол Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы «Сосновый» шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған. Облыстық сайлау ...

Толығырақ »

Коронавирус: Қостанай облысы «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстан аймақтарындағы 27 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жарияланды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Қызыл» аймаққа Атырау, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары кірді. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы енді. Қалған облыстар «жасыл» аймақта. Еске сала кетейік, еліміз бойынша өткен тәулікте 776 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1302 адам коронавирустан емделіп шықты.   фото: «Костанайские новости»

Толығырақ »

Торғынбек Әміров, боксшы: «Жеңісімді Торғай жұртына арнаймын»

MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алған боксшы Торғынбек Әміров ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында жекпе-жектері туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Күні кеше Алматыда қазақстандық боксшылар танымал MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасты. Турнирде алғашқы жеңісті Торғынбек Әміров (3-0, 0 КО) қанжығасына байлады. Ол төрешілер шешімімен Әлімжан Тұрсыновтан басым түсті. Торғынбек Әміров келісімшарттан бөлек, екі чемпиондық ...

Толығырақ »

Торғайда әйелді қасқыр талап тастады

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл ақпартты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген. Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол ...

Толығырақ »

«Қызыл» аймақтағы Қостанайда карантин 7 желтоқсанға дейін созылды

Қостанай облысында карантин шараларғы 7 желтоқсанға дейін ұзартылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашадан бастап Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізілген болатын. Облыстық жедел штабтың шешімімен жабық спорт объектілерінің жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарына шектеу енгізілді, атап айтқанда, 1 үстелге 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, ...

Толығырақ »

«Дәрі-дәрмектен қағылдық»: Қоғамдық бақылау тобы жауап берді

Қостанай облысы Қоғамдық бақылауының жұмысы Жітіқара қаласында жалғасты. Әлеуметтік желілерде тұрғындар Жітіқара аудандық ауруханасының жұмысына сын айтып, мәселе көтерген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.  Атап айтқанда, тұрғындар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмектерінен қағылып жатқандарын сөз еткен. Іске Қостанай облысының Қоғамдық бақылау тобы араласты. Олар полиция өкілдері және волонтерлермен бірге 23-27 қараша аралығында Жітіқараға барып, ауруханадағы жағдаймен танысты. «Жітіқаралық тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарын ...

Толығырақ »