Белгілі гиперреалист мүсінші, суретші Айдос Есмағамбетов данышпан Абайдың мүсінін жасап жатыр. «Биыл Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай ұлы ақынның мүсінін жасап шығуды ойладым. Алдымен шағын мүсіншесін сомдап шықтым. Ендігі кезекте өзің көріп отырған мына мүсінмен жұмыс істеп жатырмын. Жұмыстың 80 пайызы дайын болды. Әрине, оңай болып жатқан жоқ. Мүсінді данышпан бабамыздың фотосуретіне қарап дайындау үстіндемін», — ...
Толығырақ »ganibet
Торғай халқы Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге қарсы!
Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге Торғай өңірінің халқы түбегейлі қарсы. Қазақстандағы Биоалуандықты сақтау қауымдастығы автомагистраль Торғай даласы арқылы өтсе, киіктердің өсімі күрт төмендейді деп мәлімдеген болатын. Алайда осы жолдың салынуын ондаған жыл бойы күткен жергілікті жұрт мұндай уәж мүлде қисынсыз деп есептейді. Борпылдаған топырақ, бұрқыраған шаң. Аманкелді, Жанкелдин ауылдарына баратын жолдардың бәрі осындай. Бетіне асфальт төселмеген, қар еріп, жаңбыр жауса, ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (соңы)
Сартүбекте. Ахаңның анасының қуанышы 1910 жылдың желтоқсаны. Торғайда қыстың аязды мезгілі басталған кез. Күн ашық, желсіз. Ақбоз ат мінген жолаушы Қызбел жақтан Аққұмды бет алып келе жатыр. Таң атқаннан бері орта жолға жетіп қалған сияқты. Көкалат тұсынан өтіп, Аққұмға қарай тура тартып келе жатыр. Жер бетінде қар жұқа, кей тұста ақ топырағы көрініп қалады, соған қарап, Аққұмның шетіне түскенін жолаушы ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (жалғасы)
Байтұрсынұлының Орынборға жер аударылуы 1910 жылдың сәуірі. Семей қалалық түрмесінің алдына бір топ адам жиналған. Олар — Ахаңды, Бәдрисафаны Орынборға шығарып салушылар. Арасында М.Дулатов, ерлі-зайыпты Құлжановтар бар. А.Байтұрсыновты Семей жандармериясы соттан кейін Орынбор жандармериясының бақылауына апарып тапсырмақ. Бәдрисафаға Ахаңмен бірге баруға жандармерия рұқсат берген. Әне, екі конвой Ахаңды екі жағынан қоршап, жабулы ат арбаға қарай алып келеді. Жұрт Ахаңмен көрісіп, ...
Толығырақ »Мен қалай депутат болып кете жаздадым?
2011 жыл болуы керек. Мен қалай депутат болып кете жаздадым?Анық білмеймін, бірақ Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңы еді. Аяқ астынан астанадан Жасұлан Айсағали ағам звондап, маңызды бір құжатты поездан күтіп алып, Аманжол Күзембай ақсақалға апарып беруді тапсырды. Айтқанын бұлжытпай орындап, әлгі пакетті тарихшы ағайымның қолына ұстатып, жылыстай беріп едім, ол кісі тоқтатып алды. «Асықпа, бірге оқиық» деп, ашып, бір-бірлеп алып көз ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (жалғасы)
(Суретте Ахаң тұрған үйдің қазіргі күйі) «Қырық мысал», «Оян, қазақ!» 1909 жыл. Ақпан айының басы. Торғай қаласы (Торғай уезінің орталығы). Күн бұлтты болғанымен, желсіз тымық. Қаланың орталығында татар-ноғай саудагерлерінің дүкендері қаз-қатар сап түзеген. Орталықта алай- бұлай жүрген адам көп. Әсіресе, татар Сафиуллиннің дүкeнінің алдында адам ығы -жығылау. Бір сары шашты сары бала қолындағы даңғырасын қатты-қатты соғып, «Оян, қазақ!», Қазақша жаңа кітап! ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов неге баспасөз хатшыға жарымай жүр?
Шымкентте блогерлер мен журналистер көп екен, қызығасың. Әкімдердің ақпарат хатшылары да мықты. Республикалық газеттер мен телеарналардың жаңалықтарын қарасаң — жартысы оңтүстік өңірдің жаңалықтары. Ежелгі қалалары да насихатталып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, тарихы да, басқа да жаңалықтары да жазылып жатыр. Біздің Қостанай облысында ақпарат саласы кенже дамыған. Оны мойындау керек. Ақпарат құралы аз. Әрине, баспасөз жоқ емес, бар. «Қостанай таңы» сияқты ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Ахаң мен Жахаң салған азаттық жолы (тарихи повесть)
1907 жыл. Шілде айы. Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесінен босатылғаннан кейін қала базарының маңынан бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан. Оған себеп— жандармерияның «қаладан шықпайсыз» деген нұсқауы еді. Түс әлеті болып қалған кез, Ахмет терезе алдындағы столда Крыловтың «Басни» атты кітабының біраз мысалдарын аударған. Қолжазбасын автордың мысалдарымен салыстырып, кей жерін өшіріп, қайта жазып, кейбір мысалдарға өз жанынан қосып, Крылов мысалдарына жаңаша ...
Толығырақ »Торғай неге туристерге тарс жабық
немесе геоглифтерді трактор таптап жатыр! Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мыңжылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есімдері ұмытылмаған көне карфагендік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, францискалық Гильом де Рубрук, венециялық Марко Пололар ғылымда орта ғасырлардағы жағрапиялық жаңа ашуларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, ...
Толығырақ »Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды
Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды. Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. Сондай-ақ бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған. Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі ...
Толығырақ »