Кез келген ақын-жазушы үшін ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау – ең басты парыз. Қаламды қару еткен сөз сарбаздарын халқы да айрықша қадірлейді. «Талғам-таразы» айдарының бүгінгі «оқырманы» – қаламгер Ораз Қауғабай қашанда батыл сөйлеуден жаңылмаған жазушы, журналист, қоғам қайраткері Сапабек Әсіптің «Қазақ қасіреті» кітабы туралы ой толғады. Қазақ халқының өткен тарихы мен жер-суының тағдырын терең білетін ғалым-қаламгер Сапабек Әсіпов ағамыздың «Қазақ қасіреті» ...
Толығырақ »ganibet
Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенің жүгін заңсыз иемденіп кеткен
Қостанай облысында қымбат мүлікті заңсыз иемденіп кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан мен Ресей арқылы жүк тасымалдайтын көлік фирмасының иесі Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетовке өтініш білдіріпті. Кәсіпкер интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Ол өз өтінішінде интернет арқылы «көлік жүргізушісін» тауып, келісімшарт жасасқан. Алайда қымбат жүк діттеген ...
Толығырақ »Қостанай облысында жұмысшы мамандар жетіспейді
Биыл Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 9 млрд теңге бөлінді. Қазір бұл соманың 6,5 млрд теңгесі игерілген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінде аталған бағдарлама шеңберінде 25 мың адам жұмысқа орналасып, арнайы білім алды. Оның 85% — жұмыссыздар болса, қалғандары – өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Басқарма мәліметіне сүйенсек, бизнесті дамыту үшін ...
Толығырақ »Ілияс Омаров
Халық жадында сақталудың жолы әрқилы. Біреу өнерімен, біреу ерен еңбегімен, тағы біреулер биік адамгершілік, азаматтық қылығымен ел өмірінде өшпес із қалдырады. Халқы оларды әрқашан есте ұстап, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп айтып отырады. Сол арқылы кейінгілерді де өткеннің ғибратына баулиды. ХХ ғасырдағы қазақтың сондай қадір тұтқан, ұлы деп сүйген азаматының бірі – Ілияс Омаров. Биік адамгершілігі, азаматтық, қайраткерлік өнегесі, жан-жақты таланттылығы ...
Толығырақ »Лисаков қаласында әктас өңдеу зауыты ашылады
Қостанай облысы Лисаков қаласында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде өткен баспасөз мәслихатында Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Лисаков қаласында өткен тоғыз айда өнеркәсіптік өндіріс саласы ілгерілеп, 46 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім өңдеуші өнеркәсіпте де байқалады. Мұндағы көрсеткіш 6,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылға қарағанда 29%-ға ...
Толығырақ »Қостанай облысында қаржы жымқырған Мәдениет үйінің басшысы мен есепшісі сотталды
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі» ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Мәліметке сай, олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. ...
Толығырақ »Қостанайда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді (видео)
Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі АШМ Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысына қатысты сыбайлас ...
Толығырақ »Ертең Қостанай облысында ауа райы құбылады
13 қарашада, яғни ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күші 18 м/с болады деп күтіледі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» мекемесінің мамандарына сілтеме жасап. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%. Тобыл-Торғай-ақпарат
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов Омбыда Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысты
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтіп жатқан XVI Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Форум жұмысына өңір және облыс басшылары, мемлекеттік орган мен бизнес саласының өкілдері қатысты, сондай-ақ, форум жұмысы барысында шекаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелер қаралды, ресейлік өкілдермен ...
Толығырақ »Әр ауданда ауыз толтырып айтарлықтай істер бар — Марат ЖҮНДІБАЕВ
Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған істер қорытындыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асқанына екі жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыт аралығында өңірде қоғамдық сананы жаңғырту бағытында түрлі жобалар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр тоқсан сайын облыс әкімдігінің жанындағы консультативті кеңесші орган қоғамдық мәжіліс өткізіп тұрады. Бүгінгі кездесу облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың ...
Толығырақ »