ganibet

Жанкелдин ауданында фронт-офис көмегіне жүгінгендер жұмысқа орналасты

           Жанкелдин ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлы фронт-кеңседе азаматтарды қабылдады. Бұл туралы аудандық «Біздің Торғай» газеті алдын ала хабарлаған болатын. Фронт-кеңсеге үш ауыл тұрғыны келіп, жұмыссыздық мәселесі бойынша жүгінген болатын. Тәртіп сақшылары азаматтардың кәсіп табуына көмектесті. Атап айтсақ, аудан тұрғыны Данияр Мұхамеджанов полиция бастығына біраз уақыттан бері жұмыссыз жүргенін жеткізеді. Мұхамеджановтың мәселесін мұқият ...

Толығырақ »

Әсия БЕРКЕНОВА, ақын: Қостанайда қазақ тілінде білім беретін 16 мектеп бар (Видео)

«Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебін жабайын деп жатыр» деген дақпыртқа өз пікірімді қоспақпын. Өтіріктен бастау алған жалғандықтың тамыры терең болмас. Біріншіден, Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі, 10 аралас тілді мектеп бар. Мақала иесі айтып отырған 24 бастауыш мектеп тоқсаныншы жылдардың ортасында əйтеуір бір қазақ мектебін ашып алайық деген мақсатпен балабақша ғимаратында ашылды. Сол ашылған сəтте бірден бұл уақытша мектеп екені, мұнда ...

Толығырақ »

Президент Қостанайдағы қазақтілді мектептің мәселесін шешуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс» деп жазды Президент.

Толығырақ »

Қостанай облысы толықтай цифрлық хабар таратуға көшті – Зәуре Байменова

Қостанай облысы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz.  Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова журналистермен өткен брифингте өңірде аналогтық теледидар толығымен ажыратылғанын айтты. «1 шілдеден бастап Қостанай облысы цифрлық хабар таратуға толық өтті. Енді шалғай ауыл тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Бұған дейін халық арасында ақпарат-насихат жұмыстарын жүргіздік. Қостанай облысында ...

Толығырақ »

Қостанайлық өнерпаздар қойылымнан түскен қаражатты Арысқа аударды

Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры өзінің ХІХ маусымын қорытындылады. Шығармашылық ұжым өткен кезеңді жемісті аяқтап отыр. Маусым бойынша 7 премьера көрерменге жол тартты. Театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі театр маманы Әлия Баймаханның айтуынша, биыл репертуарда тың туындылар көбейіп, фарс, реквием жанрларында қойылымдар сахналанды. «Бұл — жаңа деңгейге шыққанымыз. Бірнеше әріптесіміз лайықты марапаттар алып, төсбелгі тақты. Гастрольдік сапармен Өзбекстанға барып, Түркістан облысын ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары ұрланды

Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары (гербицид) ұрланды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.  Гербицидтер Варваров елді мекеніндегі қоймадан қолды болды. Жергілікті шаруашылық иесі полиция бөліміне осындай шағым түсірген. Химиялық заттар өсімдік зиянкестерін жоюға арналған. Шығын көлемі 15 миллион тенгеден асады. Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қүдікті ұсталған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ...

Толығырақ »

Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтардың несиесі қалай азайтылатынын айтып берді

Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтардың кредитін азайту шаралары қалай жүретінін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстан Президенті биылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Онда үш негізгі бағыт қамтылған. «Осы Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар ...

Толығырақ »

Қостанайдағы қазақ мектебі шалғайға көшірілмейді

Abai.kz порталы жазған қала орталығындағы тар ғимаратқа орналасқан №24 бастауыш мектепті қойма-қопсысы көп, күйі қашқан «Строитель» ауданындағы кең ғимаратқа көшіру туралы қала әкімінің бастамасы қостанайлық ата-аналар тарапынан қолдау таппағаннан кейін, шешім кейін қайтарылды. Биліктің жұртшылық пікіріне құлақ асуы – құптарлық көрініс. Бірақ бізде билік алдымен шешім қабылдап, сосын жұрт шуласа, шегіне бастайтын әдет қалыптасып келеді. Бұл орайда билік жүйесінде қалыптасқан шешім қабылдаудың ...

Толығырақ »

Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті

Қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мысыр, Румыня, АҚШ сынды әлемнің үздік әншілері «Мадам Баттерфляй» қойылымын италиялық көрерменге ұсынған болатын. Олардың арасында қазақстандың опера әншісі Сүндет Байғожин де бар. «Мадам Баттерфляй» қойылымын алғаш рет сахналап отырғанымыз жоқ. Бұрын «Астана Операда» көрерменге ұсынған болатынбыз. Десек те, бұл жолы жаңашылдық енгіздік. Қойылымның дирижеры Джузеппе Аквавива, режиссеры ...

Толығырақ »

Мектебіміздің шалғайға көшірілуіне қарсымыз!

Қостанай қаласының әкімдігі қаладағы Алтынсарин көшесі, 107 мекен жайда орналасқан бастауыш білім беретін №24 мектеп-гимназияны Бородин көшесі 138/1 бойында тұрған бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратына көшіруге шешім қабылдағалы отыр. Керісінше, гимназия ғимаратын балабақша етпекші. Кеше осы мәселеге қатысты Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов білім ордасында ата-аналармен кездесу өткізді. Билік тарапы мен ата-аналар бір шешімге келе алмадық. Бұл 20 жылдан астам тарихы ...

Толығырақ »