ganibet

Шмидт мырза неден шошыды?

5 наурыз күні tobyl-torgai.kz сайты Арқалыққа қарасты Ашутасты елді мекеніне бір аш шибөрі кіріп кетіп, екі адамды талап тастағанын жазған болатын.  Келесі күні Халықаралық «Қазақпарат» агенттігі Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап, ауыл тұрғындарын әбірге салған қасқыр емес, «қасқырға ұқсайтын қаңғыбас ит» деп хабарлады. Сондай-ақ агенттік «куәгерлердің сөзінше, бұл кезбе ит расымен де қасқырға ұқсайды» деп ...

Толығырақ »

«Киіктерді қорғау — келелі іс» дейді Марат Ермұханов

Былтыр киіктердің саны 215 100-ді құрады. Жыл сайын олардың саны 41 пайызға өсіп келеді екен. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ОП Амангелді инспекторы Марат Ермұхановтың айтуынша, киік сөзінің төркіні татар тілінен алынған. 1769 жылы орыс ғалымы Петр-Симон Паллас тұяқтыларға ресми түрде осы атауды береді. Ол Орынбор губернияларына саяхат жасап жүрген кезінде жабайы ешкілерді кездестіреді. Жергілікті тұрғындар – татарлар оларды сайға деп атаған. ...

Толығырақ »

Қостанай облысында көліктер қар құрсауында қалып қойған

Қостанай облысында тәулік ішінде 20 көлік қар құрсауынан шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. «Арқалық — Жезқазған тасжолында көмір тиелген КамАЗ көлігі тұрып қалған. Құтқарушылар көлік жүргізушісімен профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Алайда, ол эвакуациялаудан бас тартқан. 5 наурызда Арқалық қаласы ТЖБ бастығы КамАЗ жүргізушісінің жұбайымен бірге оқиға орнына барған. Олар азық-түлік және жанар-жағармай алып келді. Мұнан соң КамАЗ көлігі ...

Толығырақ »

Арқалыққа қарасты Ашутасты ауылында екі адамды қасқыр талап тастады

Бүгін Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елді мекеніне тапа тал түсте қасқыр кіріп кетіп, бірнеше адамды талап тастаған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.  Тұрғындардың айтуларына қарағанда, қасқыр көшеде жүрген мұғалім келіншек пен 5-сыныпта оқитын қыз баланы тістеп алған. Жанұшыра айғайлаған ауылдастарын көрген бір топ жігіт жабылып жүріп қасқырды соғып алыпты. Бір айта кетерлігі, көзкөрінбес боран соғып тұрғанына байланысты Арқалықтан шақыртылған жедел жәрдем ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол жөндеуге 11,6 млрд теңге бөлінеді

  Биыл Қостанай облысында жергілікті маңызы бар 394 шақырым тасжол жөнделеді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұловтың айтуынша, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі республикадағы ең ұзын жолдардың бірі саналады. Ол 7880 шақырымға тең. Былтыр жергілікті ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ: Біз де күресіп көргенбіз

– Төлен аға, сізді жұрт жақ­сы жазушы ретінде таны­ға­ны­мен кезінде белгілі палуан болға­ныңызды екінің бірі біле бермей­ді. Сондықтан сіздің спорт­тық өміріңіз жайлы әңгі­ме өрбітсек дейміз. Ал енді сөз тізгіні өзіңізде… – Жалпы ер баланың бойында, нақтырақ айтқанда жаратылысында мықты болсам, күшті болсам деген талпыныстың болуы заңдылық. Ондай талпыныс болмаса, одан ертең қандай жігіт шығуы мүмкін? Ер бала өзін ел қорғайтын ...

Толығырақ »

Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтеді

Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Жастар жылының шеңберінде өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында!» Жол картасын іске асыру барысы туралы айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.  Жол картасында барлық мемлекеттік құрылымның қатысуымен жүзеге асырылатын 78 іс-шара қарастырылған. Облыс әкімінің орынбасары жастар бастамаларын қолдауға ...

Толығырақ »

Ардагер журналист Архимед Мұхамбетовті мақтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов күні кеше халық алдында жылдық есебін берді. Бұл жолы да әкімге сұрақ қоюшылар қатары көп болды. Ардагер журналист, Журналистер одағы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Сергей Харченко облысты үш жарым жыл басқарған Архимед Бегежанұлын мақтай жөнелді. «Архимед Бегежанович, Сіз менің жұмыс тәжірибемде облыстың он бірінші әкімісіз. Менің сөзім Президент аппаратының өкіліне бағытталады. Орта есеппен алғанда әр әкім ...

Толығырақ »

Бәрінен бұрын Білім министріне «обал» болды

немесе бұл ведомствоға Ерлан Сағадиевтің сіңірген еңбегі орасан   Күні кеше ел тұрғындарын елең еткізген оқиға болды. Нақтырақ айтсақ, 21 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті таратып, осы күнге дейін 10-шы Премьер-Министр болған Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев отставкаға жіберілді.  Алайда, айтпағымыз бұл емес. Біздіңше, тура 3 жыл 11 күн Білім және ғылым министрлігін басқарған Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлына «обал» болғандай. Тұралап ...

Толығырақ »

5,2 млн гектар алқапқа астық егіледі

Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс науқаны мамыр айының ортасына қарай басталады. Қажетті техникалар, құрал-жабдықтардың дайындығы пысықталуда. Егілетін тұқым жеткілікті, жанар-жағармай қоры да сақадай-сай. Оны үлестіру кестесі де бекітілген. «Осы жылы Қостанай облыстық ауылшаруашылық құрылымдары 5,2 млн гектар егіс алқабына дән сіңіреді. Соның ішінде 4,7 млн гектары жазғы ...

Толығырақ »