Таңдаулы

Қазақтың «кіші тыңы» қайда немесе Жаңаөзеннен сабақ алсақ игі

Кеше Жаңаөзендегі жастардың жергілікті билік органдарынан жұмыс сұрап жатқан видеосын көрдім. Әрине, жергілікті билік органдары жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем жасауы тиіс десек те, мұндағы жұмыссыздық проблемасын тереңнен қарастыру керек деп ойлаймын. Қазақстанда жұмыссыздық проблемасы бар екені ақиқат (оған дәлел — жұмыс іздеп Ресейге кетуші Қазақстан азаматтарының саны Тәжікстаннан кейін екінші орын алып отыр екен). Бұл мәселе көбінесе еліміздің оңтүстік және ...

Толығырақ »

Федоров ауданына тарихи атауын неге қайтармаймыз?

Қыстың аяқталар тұсы еді. Алда көгілдір көктем. Аудан орталығынан шыққан автобус шыға беріс жақын маңдағы бір ауылдың тұсына жете бере тоқтады. Көлікке жасы алпыстардан асқан жасамыс кісі мінді. Жанына жайғасқан мосқалдау жолаушы да мұнымен бірден шүйіркелсе кетті: — Қыдырыс па, замандас? Жол ұзақ, әңгіме айта отырыңыз! — деді көлік орнынан қозғала бастағанда жанынан бұған орын ұсына беріп. Мұның жанарынан қу ...

Толығырақ »

2019 жылы адамзатты не күтіп тұр?

Ғалымдар 2019 жылы адамзат тарихындағы ең аптап ыстық болады деп болжап отыр. Бұл туралы Калифорния университетінің мамандары мәлімдеді деп жазды National Geographic.  Жер бетіндегі температураның күрт өзгеруіне Тынық мұхитының шығысында судың беткі қабатындағы температураның көтерілуі әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша, соңғы төрт жылда – 2015 жылдан 2018 жылға дейін көмірқышқыл газы шығарындыларының артуына байланысты тарихтағы ең ыстық кезең болды, бұл аралықта ...

Толығырақ »

Жеріміздің қалай уланып жатқанынан еш хабарымыз жоқ…

1 микрограмм гептилдің 1 литр суға ерітіндісінің өзі адамды сеспей қатырады. Гептил синиль қышқылынан 6 есе улы. Әлемде тек Ресей ғана (Қытай аз мөлшерде қолданады дейді) қолданады. Басқа ешбір ел қолданбайды! Гептил ыдыраған кезде сұмдық зиянды мутаген шығарады. Гептилмен ластанған су бірнеше жылға дейін, топырақ ондаған жылға дейін залалсызданбайды. Ол жинала береді, сұмдық тажалдың әсері 20-30 жылдардан соң білінеді, бірақ ...

Толығырақ »

«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…

Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...

Толығырақ »

Тағы зымыран құлады, тағы у төгілді…

2050 жылға дейін Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тағы дау шықты. Күні кеше Байқоңырдағы Гагарин старт алаңынан «Союз МС-10» кемесін алып ұшқан «Союз ФГ» зымыран тасығышының техникасынан ақау шығып, аспанда апатқа ұшырады.  Ресейдің Роскосмос корпорациясының ақпаратына қарағанда, бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг бар «Союз МС-10» ғарыш кемесі 11 қазан күні Астана уақытымен сағат 14:40-та «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған. ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ. КӨРШІ

(әңгіме) Пойызға отырарда әдетте адам­ның көңiлiнде «купеде қасыма қан­дай адам тап болар екен» деген бiр күмәндi қызығушылық тұрады. Жас­тау бiреу болса, әдемi қыз-ке­лiншектiң болғанын, ересектеулерi – әңгiмелесетiн зиялы кiсiнiң бол­ға­нын, ал қарт адам болса, тыныш­тық үшiн тiптi ешкiмнiң болмаға­нын тiлер едi. Ал менде бұл жолы бәлендей ба­­сы ашық тiлек болған жоқ. Тек мас­күнем бiреу болып, мазамды алып жүрмесе екен деп ...

Толығырақ »

ПОЭЗИЯ «ПЫРАҚТАРЫ»

Әлем-жәлем киінген жас ақын әлдеқандай болып, редакцияның әдебиет бөліміне келіп түскен хаттарға шұқшиып отырған-тын. Кенеттен шаян шаққандай орнынан атып тұрып, қарындашының басын қарш еткізіп тістеп алды да, «тфу» деп қабырғаға қарап түкіріп жіберді. — Қарағым-ау, қара басты ма? Қараптан қарап жараған бурадай жыныңды шашқаның не? – Үндемей газет оқып отырған сақа тілші көзілдірігін шекесіне көтеріп, үрейлі көзбен көршісіне үңілді. — ...

Толығырақ »

Жаңа автожолдар киік көшіне қалай әсер етеді

немесе жануарлардың өліміне «Протон» зымырандарынан бөлінген улы гептил отынының әсері бар   Қазақстанда жаңадан салынатын автобандар елдің «Қызыл кітабына» енгізілген киіктердің үйреншікті көшу жолдарына кедергі болуы мүмкін дейді сарапшылар. Мұндай уәжбен келісетін министрлік табиғи ландшафтқа ұқсас экодук көпір салып, мәселенің шешімін таппақшы. Алайда кей мамандар түз жануарының жасанды өткелден өтеріне күмән келтіреді деп жазады Azattyq.org сайты.  Жол құрылысының киік популяциясына ...

Толығырақ »

Тобыл өңірі тұрақты даму үстінде

tobyl-torgai.kz сайты Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің «Облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистерін жариялайды. Құрметті жерлестер! Біздің Президентіміз 2018 жылғы 10 қаңтардағы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «экономиканың орташа әлемдік деңгейден жоғары қарқынын және озық 30 елдің қатарына орнықты кіруді қамтамасыз ету» ...

Толығырақ »