Таңдаулы

Қостанай шенеуніктері тұрғындармен аудармашы арқылы сөйлесіп жүр

Қостанай қаласының әкімдігіне сұрақтары туындап, кадр бөліміне хабарласқан журналист Әсел Мұхамбетова шенеуніктерден мемлекеттік тілде сөйлейтін адам таппай қиналған, деп жазды tobyl-torgai.kz. «Менің қазақша сауалдарымнан үркіп, трубканы бір-біріне «лақтырған» бөлім мамандарының әрқайсысына қайта-қайта мәселемді баяндауға мәжбүр болдым. Сабырлы және сыпайы болдым. Қазақша сөйлемек түгілі түсінбейді екен, «переведите на русский» деді. Даусымды қатайтып, «маған қазақша сөйлейтін адам табыңыздар, жылдам»… Қысқасы, Айнұр есімді ...

Толығырақ »

Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?

Қазақ руханиятының тарам-тарам салалары біртіндеп зерттеліп жатыр. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар мен тарихи тұлғалардың арнайы зерделенуінің үлкен үрдіске ұласуы қуантатын жағдай. Десе де осынау дүрбелең тұстағы қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі Нәзипа Құлжанованың қайраткерлік, шығармашылық, мәдени-ағартушылық мұрасы ғылыми тұрғыдан бағалауды қажет ететіндей. Ағартушылық еңбегі мен ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттаушы, қазақ сахарасында мәдени-этнографиялық кештер өткізу дәстүрін қалыптастырушы ретіндегі ұлан-ғайыр ...

Толығырақ »

Торғай халқы Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге қарсы!

Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге Торғай өңірінің халқы түбегейлі қарсы. Қазақстандағы Биоалуандықты сақтау қауымдастығы автомагистраль Торғай даласы арқылы өтсе, киіктердің өсімі күрт төмендейді деп мәлімдеген болатын. Алайда осы жолдың салынуын ондаған жыл бойы күткен жергілікті жұрт мұндай уәж мүлде қисынсыз деп есептейді.   Борпылдаған топырақ, бұрқыраған шаң. Аманкелді, Жанкелдин ауылдарына баратын жолдардың бәрі осындай. Бетіне асфальт төселмеген, қар еріп, жаңбыр жауса, ...

Толығырақ »

Торғай неге туристерге тарс жабық

немесе геоглифтерді трактор таптап жатыр! Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мың­жылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есім­дері ұмытылмаған көне карфа­ген­дік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, фран­цискалық Гильом де Рубрук, вене­циялық Марко Пололар ғылымда орта ғасыр­лардағы жағрапиялық жаңа ашу­ларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, ...

Толығырақ »

Абсурдизм және Төлен Әбдіктің «Ақиқаты»

ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы прозада шығармалардағы мекен мен мезгілдің нақтыланбауы, жазушылардың кеңістік пен уақыттық өлшемдерге басқаша қарай бастауы, қоғамдық-идеялық фактордан алыстап кету немесе мүлде ескермеу, әлеуметтік белсенді кейіпкерлерден бас тарту т.т. соны сипаттар алғашында тосырқатып тастағаны рас. Қоғамдық идеалдың бұлыңғырлығын, трагизмнің шектен тыс қоюлығын, кейіпкердің әрекетсіздігін тілге тиек еткен сындар да болып жатты. Өйткені әдебиеттің мүлде жаңа сорапқа түсуі, тың ізденістер ...

Толығырақ »

Ғафу – жыр, Ғафу – сыр…

Жасы үлкен, қызметі жоғары болса да, көргеннен-ақ жатсынбай жаныңа өзі келетін, жасыңнан үйір жақсыңдай, жайдары шырай беретін жақсы азаматтар болады. Соның бірі, бірегейі ісімен де, мінез-құлқымен де үлгі-өнеге, көзі тірі болса осы жылғы он бесінші тамызда жасы 85-ке келетін осы ақын Ғафу ағамыз еді. Ол кісінің өзін көрмей тұрып, мектептің жоғарғы сыныбында оқып жүрген кезімізде ең алғаш кездескен өлеңіне тамсана ...

Толығырақ »

Дүниежүзілік банк: Қазақстан кедейлене түсуі мүмкін

Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жазғы экономикалық баяндамасында жазылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баяндамада COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасы үшін соңғы екі онжылдықтың ішіндегі ең ірі экономикалық салдарға әкелгені және оның өсуіне айтарлықтай кері әсер етіп жатқаны жазылған. «Ұзақ уақыт бойы дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Алдын ...

Толығырақ »

Серікбай ОСПАНОВ: Бесік туралы кітап жазған Қазақстандағы бірінші қаламгермін

Белгілі ақын Серікбай Оспановты замандастары ұста, домбырашы ретінде де жоғары бағалайды. Шебердің қолынан шыққан домбыра өзінің жоғары сапасымен де дараланады. Ол бізге берген сұхбатында домбыра жасаудың қыр-сыры мен Ұлттық домбыра күнінің маңызы туралы айтып берген еді.  – Серікбай аға, ақындығыңыз бір төбе, ал ұсталығыңыз — тіпті алабөтен әңгіме. Мұндай кез келген адамға бұйыра бермейтін қасиет кімнен дарыды? – Қазақта «Тақыр ...

Толығырақ »

Қостанай «сұр қалаға» айналып кетпесін

Шындығын айту керек, Қостанайдың әуежайынан немесе теміржол вокзалынан, әйтпесе қалааралық автобекетінен түсе салып мынау қазақтың елі, жері екен деп дөп басып айта қоятындай ерекшеленіп тұрған жағдайымыз жоқ.  I «Уақыт – ұлы емші» деген шығыс даналығы. Еліміз егемендік алғаннан бері салыстырмалы түрдегі шамалы кезеңде ұлттық айшығымызды айғақтау, тіліміз, діліміздің оралуы, ұлттық мәдени мұраларымызды жаңғырту сияқты жұмыстар күнделікті өмірімізге сыналап кіріп, күннен ...

Толығырақ »