Таңдаулы

ТАҒДЫРЛАСТАР: Арқалық және саяси қуғын-сүргін ұрпақтары

#форумнан кейінгі ой  Халықаралық жобаның шағын қалаға келуі Сонымен, Арқалық қаласындағы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жобаның аясында өткен «Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форум аяқталды. Оның халықаралық түгілі республикалық іс-шаралар өткізіле бермейтін қалада ұйымдастырылуының мәні зор. Биыл 13-ші рет өткізіліп отырған бұл жоба республиканың түкпір-түкпірінде осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдарды, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарын ...

Толығырақ »

«Айқап» журналы ағарту тақырыбын қалай көтерді?

XX ғасыр басы қазақ тарихы – ұлттық тұтастық негізінде саяси өрлеуге, сапалық өсуге талпынған кезең болды. Ресей түркілері арасында қалыптасқан жалпы қоғамдық-cаяси және ағартушылық қозғалыс «Жәдитизімнен» қазақ қоғамы да қағыс қалмады. Осы ғасырдың алғашқы жирма жылдығында қазақтар арасында да жәдиттік бағыттағы ағартушылық қозғалыс барынша өркен жайып, алаш идеясы өрістеді. Ұлтты ұйысуға үндеген өлең-жырлар жұрт арасына кең тарап, елшілік мүдде жанданды. ...

Толығырақ »

«Торғай облысы ашылсын!»: Елордада бейбіт митинг өтті (ФОТО, ВИДЕО)

17 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы цирк алаңында бейбіт митинг өтті. Онда жиналғандар Үкіметтен Торғай облысының ашылуын талап етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.    Видео журналист Бақытнұр Әлібай жүргізетін TIEK-арнасыныкі. 

Толығырақ »

Торғай өңірі мемлекеттің ерекше қамқорлығына зәру – Берік Әбдіғалиұлы

Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы facebook-парақшасында осылай деп жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   Арқалық және Торғай өңірінің дамуына байланысты арнайы кешенді жоспар қабылдануы қажет! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы ұсынысын халық зор ықыласпен қабыл алды. Осы орайда 90-жылдары облыс мәртебесінен айырылған Торғай өңірі де ескерусіз қалмауы керек. Осыған ...

Толығырақ »

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  М. Қ Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент ...

Толығырақ »

40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді

Бұл қалада 2 жыл тұрғанбыз. Сондықтан мұндағы түйткілдерді аз білмейміз. Әсіресе, қаланың ең басты проблемаларының бірі — қоғамдық көлік. Бүгін арқалықтық тұрғынның маған айтқан мына бір өтінішін Арқалық Қаласының Әкімдігінің есіне салмауға болмайтын секілді. Ал енді құй сен, құй сенбе, 40 мыңнан асатын тұрғыны бар қалада 2-ақ (!) автобус жүреді екен. Оның өзінде ескі-құсқы болған соң жиі бұзыла беретін болса ...

Толығырақ »

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 62 жоба іске асырылды – Мұхамбетов

Бүгін Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, оның барысында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын қарастырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2021 жылы 7,1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ өткен жылы 1 744 жобаны іске асыруға несиелерді субсидиялауға және кепілдендіруге 75,3 млрд теңге бөлінді. Біздің облыста «БЖК» жүзеге асыруды екінші деңгейдегі тоғыз банк және ...

Толығырақ »

Ахаңның Ақкөлі немесе ойдағы істер орындалса игі!

Біздің санамыздан талай жыл «алашордашылдар, «бай-құлақтар», «жапонның шпионы» және т.б. теңеулермен жазықсыз асып-атылған, жойылған интеллигенциямызды өшіртуге тырысты. Бірақ, халық жады мықты екен. Басқасын білмеймін, кішкентай кезімізде үлкендер есік-терезені тұмшалап жауып алып, белгісіз өлең жолдарын айып отыратын еді. Мектепке бармаған кезім, әкемнің: «Айнаның қарсы алдына Маймыл барып, Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері ...

Толығырақ »

Тағы да Орталық-Батыс жолы туралы

Ел Президенті Өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.» деген еді. Біз – зиялы қауым болсын қарапайым халық болсын Президентіміздің еліміздің дамуы жолындағы жасап жатқан істерін әрқашан қолдаймыз және алдағы уақытта да қолымыздан келгенше жәрдемдесе ...

Толығырақ »

Қостанай облысына неге Ахаң есімі берілмеске?..

Енді аз күндерден кейін қарсы алатын 2022 жыл — Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жылы, туғанына 150 жыл толмақшы. Ұлы тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталатынына халық дән риза. Үкімет қаулысына сәйкес, атқарылатын жұмыстарды да ақпарат құралдары арқылы танысып отырмыз. Тарих тұрғысынан қарағанда, Тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болған жас мемлекетті әлемге таныту мақсатындағы жұмыстар — сол мемлекетті құру барысында қиямет-қайымды басынан ...

Толығырақ »