Таспа

Қостанай облысында жемқорлыққа қарсы қаулы қабылданды

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиын барысында білім саласындағы қоғамдық кеселдің алдын алу жолдары мен 2019 жылдың соңына дейінгі жоспар тізілді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында соңғы үш жылда білім саласында 22 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігін білім беру мекемелерінің балабақша меңгерушілері мен есепшілері ...

Толығырақ »

Қостанайда полицей жол-көлік оқиғасына себепкер болды

Қостанайда тәртіп сақшысының қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты қызметтік тексеріс басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында болған. «22 қыркүйек күні түнгі сағат 3.43-те полиция қызметкері мінген Mitsubishi Outlander көлігі жол қиылысында 32 жастағы жүргізушінің ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан «Ваз 2110» көлігі алдында тұрған «Ваз 2107» көлігіне зақым келтірген. Салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің ...

Толығырақ »

Қостанайда өз кәсібін ашқан көп балалы аналар көбейген

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген брифингте мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.  «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде берілетін шағын кредиттерге тоқталған ол, жыл басынан қыркүйек айына дейін облыста екінші деңгейлі банктерге 594 млн теңге тұратын 50 жоба ұсынылғанын айтты. Сондай-ақ 46 жоба қаржысын алып, бүгінде жұмыс істей бастаған. Ұлттық экономика ...

Толығырақ »

Қостанай облысында түнде тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде 14 қыркүйекте күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ кейбір облыстарда тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы секундына ...

Толығырақ »

Журналист Рудныйдағы пәтерінен өлі күйінде табылды

Солтүстік Қазақстанда шығатын «Игілікті іс» («Хорошее дело» — ред.) газетінің журналисі Сергей Петренконың Қостанай облысы Рудный қаласындағы пәтерінде мәйіті табылды. «Біздің Қостанай» сайты «алдын ала ақпарат бойынша, Петренконың жүрегі тоқтап қалған» деп жазады. «Наша газета» сайты Петренконың туыстарына сілтеп, журналистің кеше, 11 қыркүйекте қоңырауларға жауап бермегенін жазады. Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан. Биыл қаңтарда 42 жасқа толған Петренко мектеп ...

Толығырақ »

Торғай жұрты айтыскер ақын Айбек Қалиевпен кездесті

Бүгін Жанкелдин ауданының орталығы — Торғайда Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рахмет саған, туған ел!» жобасы аясындағы Ішкі саясат бөлімінің «Жаса, жайна Туған жер» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша және Б.Хамзин атындағы Өнер мектебінің ұйымдастыруымен Торғай жерінің тумасы, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиевпен кездесу кеші өтті. Кеш ең алдымен Торғай мұражайлар кешенінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы әдеби мұражайында ақынға арналған ...

Толығырақ »

Елбасы тапсырмасы: Nur Otan Қостанайдағы құрылыс нысандарына қатысты талапты күшейтпек

NurOtan партиясы Қостанай облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жиында Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша қоғамдық бақылауды орнату кеңінен сөз болды. Облыстық бақылау комиссияның төрағасы Михаил Дәуеновтың айтуынша, партиялық бақылауды күшейтіп, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі тетіктерін түсіндіру жұмыстары қолға алынбақ. «NurOtan партиясының экономиканы дамытуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда, барлық санаттағы халықтың жағдайын жақсартудағы ...

Толығырақ »

Затоболда көлік өртеніп, 2 жасар сәби күйіп қалды

Қостанай облысының Затобол елді мекенінде көлік өртеніп, екі жасар сәби күйіп қалды. Бұл туралы Қазақпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Өрт сағат 15:29-да Затобол селосындағы «Светофор» дүкенінің маңында болған. Өрт «Лада-Приора» көлігінен шыққан. «Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 15:46-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2017 жылы туған қызды 2-ші дәрежелі күйік шалды. Оқиға кезінде ол көлік ішінде ...

Толығырақ »

Арқалық әкімі жөндеу жүріп жатқан мектептерді аралады

Арқалық қаласының әкімі Э. Күзенбаев оқу жылының алдында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жалпы білім беру орындарын аралады. Бүгінде М. Әуезов атындағы № 5 мектептің жылыту жүйесіне, сондай-ақ, №2 мектептің шатырына, ғимараттың қасбетіне, терезелерге және кіре беріс есіктерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала басшысы жұмыстардың қарқынымен танысты. «Алюминстрой» ЖШС өкілдері қазіргі таңда орындалған жұмыстардың көлемі 90% -ды құрағанын айтты. ...

Толығырақ »

Эльдар Күзенбаев қала халқын мерекемен құттықтады

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында «Ата Заң — келешектің кепілі» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Сахнаны «Ақбота» халық би ансамблі «Ата заңым — тірегім» атты хореографиялық композициясымен ашты. Қала әкімі Эльдар Күзенбаев арқалықтықтарды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматқа қала әкімінің грамоталарын тапсырды. Мәдениет сарайы жанынан құрылған көркемөнерпаздар ұжымы ән мен ...

Толығырақ »