Туынды

Дәуірді жеңген діндар

(Дін жолында қуғын көріп, мехнат шеккен молда Аймұхаммедтің (Аймағанбет) рухына арналады)   Күн зулап, жылдар сырғып, ауса ғасыр Тарихқа айналады қаншама сыр. Бағасы кеміп, бірақ, құнын жоймас Уақыттың түнегінде қалса да асыл.   Жырласам асып туған асылдарды… Рухы самғар келер ғасырларда. Қасқайып қарсы тұрып заманына Емендей иілмеген хас ұлдарды.   Замана шашса-дағы зәһарын мың, Жігерін мұқалта алмас баталы ұлдың. …Атағы ...

Толығырақ »

Қара шелек

(әңгіме) Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді. – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, — деп Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан. Бірмағамбет ...

Толығырақ »

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ: Ақын деген құрбаның бар, атағыңды ұрғаным бар!

Өлгендер қайтып келмейді. Б.Соқпақбаев – Өлгендер қайтып келеді, – Десем сен, Әсте сенбейсің. Себебі, досым, Себебі – Сен, сірә, мәңгі өлмейсің. Болғанмен Баста бір өлім. Өлмейтін жанға саналған. Себебі, сенің жүрегің – Қара тас болып жаралған. Еңіреп, жылап Есіл жыр – Боздайды күнде інгендер. Өлексе күйін кешіп жүр, Өлгісі келмей жүргендер. Жамылып атын тірінің Жүрегі ғана дүрсілдер… Солардың мен де ...

Толығырақ »

Бейімбет МАЙЛИН АЙТ КҮНДЕРІ

– Айт құтты болсын! – Айтсын, жақсылығы бірге болсын! – Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар… I Сәске түс. Желсіз тынық ыстық. Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасында тұр… ызыңдаған маса, сона, шіркей есінді таңдырғандай… Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. ...

Толығырақ »

БІЛГІШБЕК

Мына әңгіме қазақтың төл әдебиетіне үлес қосатын тамаша дүние! Біз оқушы болған кезде «Батыр бала Болатбек» деген әңгіме болған. Барлық оқушы әлгіні жаттап айтатын едік. Өйтпесең «2» деген баға дайын еді. Қазір жадымызда қалмапты. Мына «Білгішбек» — өзіміздің батырымыз. Ғанибет тамаша жазыпты. Сюжет құрылымы, тілі, бәрі тамаша. Бұндай шығарма тәуелсіз елдің балаларына өте керек. Шынайы әрі ұқыпты жазылған. Ғанибет бауырымыздың ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ ТАЛАСБАЙ

Заман ауысқан кезде өткен билiк жүйесi тұсында жасалған қиянаттар екшелiп, зерделенiп, сан түрлi сараптан өтедi. Қанша адам жазықсыз сотталды, қаншасы атылды, қанша мал, қанша дүние-мүлiк зорлықпен тәркiлендi – бәрi, шамамен болса да, есептеледi. Есептелмейтiн тек рухани шығындар. Үйткенi адамның iшкi азабын есептейтiн тәсiл жоқ. Сенiң рухани сенiмiң, ұжданың көзге көрiнбегеннен кейiн аса маңызды нәрсе болып есептелмейдi. Алайда, барлық заманда да адамдар мал-мүлiк ...

Толығырақ »

ӘКЕ

Бүгін торғайлық ұстаз-ақын, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» туындысының авторы – әкем Ғалымбек Әбілқайырдың туғанына 74 жыл… Осыдан төрт жыл бұрын дүние салғанда егіліп отырып жазған осы бір жазбамды тағы бір мәрте ұсынып отырмын. Автор  …Біз үшін асқар тау болған асыл әкеміз өмірі өлмейтіндей көрініп еді-ау… Әкем Ғалымбек Әбілқайыр өз ортасына сыйлы, қадірменді ұстаз ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ КӨКТЕРЕК

Бұрын Қабырға өзенi  көктемде бұрқ-сарқ тасып, жаздың аяғында суы азайып, кей тұстары ойдым-ойдым қара суға айналып, кей жерлерi тiптi құрғап қалғанда, жұрт өзен табанына киiз үй тiгiп алатын едi дейтiн қариялар. Ол бiз үшiн баяғы заман секiлдi. Бiздiң тұсымызда Қабырға өзенi Зауыт тұсынан бөгелген. Бөгеттiң бауырында жайқалып қалың тал өскен. Ту сыртынан қарағанда  бөгеттiң зор тұлғасы бар биiгiмен көрiнiп, табиғаттың ...

Толығырақ »

Екі Дің

Бүгін ақын, сатирик, журналист Еркеғали Бейсеновтің туған күні. Бірнеше республикалық басылымда, телеарнада қызмет еткен. Бүгінде Тобыл-Торғай сайтының шеф-редакторы әрі елордадағы «Фолиант» баспасында редактор болып жұмыс істейді. «Шабыт» Халықаралық жастар фестивалiнiң лауреаты. «Қайран, құндылық!..» жыр жинағы жарық көрген. Әріптесімізді туған күнімен құттықтай отырып, назарларыңызға «Екі Дің» поэмасын ұсынамыз.  tobyl-torgai.kz «Бұл қасиетті «Діңдер» Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға жорығы кездерінде жау келер жақтағы жойқын даланы бір шолып ...

Толығырақ »

Сәби туралы сыр

(Эссе)  Отан отбасынан басталады. Отбасы – өзің, жарың, балаң.  Яғни, отбасының жауапкершілігі – бүкіл отанға деген жауапкершілік. Бірақ үйленгенде осының бәрін ойлап жатпайсың. Жұрт үйленіп жатқан соң, бір қызбен көңілің жарасқан соң, үйленесің. Ата-ананы қуанттың, өзің мәз болдың. Бір-біріңді қызықтап жүргенде бір күні жеті түнде жарың құлағыңа сыбырлап: «Біз үшеу болатын болдық», –  дейді. Сен түсінбей аң-таң боласың. Оған жарың ...

Толығырақ »