Туынды

«Кім кінәлі?» — қостанайлық жас режиссер толықметражды фильм түсіріп жатыр

Қостанай облысында «Кім кінәлі?» деп аталатын толықметражды фильм түсіру қолға алынды. Оның идеясы, түсірілім барысы туралы туындының режиссері Есбол Жатқанов Қазақпарат тілшісіне баяндап берді. — Толықметражды фильм түсіру идеясы қалай пайда болды? — «Кім кінәлі?» — тағдыр тауқыметін тартқандардың тұрмысын көрсететін туынды. Драма жанрында түсіріледі. Біз бұл фильм арқылы қариялардың қиын жағдайымен бөліскіміз келді. Одан қалды, бүгінде әке мен ұлдың, ...

Толығырақ »

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, журналист: Менің анам… Менің әкем…

Бұл өмірде адам баласының бүкіл болмысын ғажайып нұрға бөлейтін, жүрек төрінен мәңгі кетпейтін екі асыл жан бар. Оның бірі — аяулы ана болса, екіншісі ардақты әке. Ананың тілегі — адамзаттың тілегі. Әкенің жүрегі — әлемнің жүрегі. Осы бір үш әріптен құралған құдіретті сөздердің киесімен қаншама адам жарық дүние есігін ашып жатыр… Бізді қанатымыз қатайғанша, бұғанамыз бекігенше алақандарына салып аялап, мәпелеген ...

Толығырақ »

Кәлен (қилы заман оқиғасы)

Кәлен орта дәулетті отбасында дүниеге келді, әкесі көзі қарақты кісі еді. Баласын ауыл молдасынан оқытқаннан кейін Байту оны кезінде Торғайдағы Ы.Алтынсарин негізін қалап кеткен мектепке берді. Бұл мектепті тәмамдағандардың бәрі сауатты, білімді болды. Кейін Кәлен Торғайдағы Иванов мектебін аяқтап, оқуын жетілдіріп шықты. Енді Байту Кәленге: «балам осы алған білімің жетер, ауылға келіп маған қолғабыс ет, біліміңді де пайдалан» деп елге ...

Толығырақ »

Бауыры үшін қос баласын құрбандыққа шалған ана туралы

Баянаула – Ертіс жерінің Ақкөл-Жайылма аталатын аймағын Мұстафаның ата-бабасы әлімсақтан мекен етіп келеді.  Мұстафаның да бұл күнге жеткені кеше ғана емес, қоян жылы елде жұт болып талай мыңғырған малы бар небір байлар тақыр кедейге айналған еді. Сол уақытта Мұстафаның ата-анасы Керекуге барып жатақ болды. Бірнеше жыл қиындық көріп, кейін жағдайлары түзелген соң туған ауылдарына қайтып келді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды ...

Толығырақ »

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Шаттан, Елім!» әні жарыққа шықты

Қостанайлық айтыскер ақын, әуесқой сазгер Марғұлан Оспанов Фейсбуктегі парақшасына «Шаттан, Елім!» деген кезекті әніне арналып түсірілген әуесқой бейнебаянды жариялады. ЭКСПО-2017 көрмесіне арнаған туындысын автор «ЭКСПО-ның гимні» деп атады. Әннің сөзін тағы бір қостанайлық ақын, қаламгер Абылай Мауданов жазыпты. Торғайда туып-өскен қос таланттың халықаралық көрмеге тартуын әнсүйер қауым жылы қабылдап, әлеуметтік желілер арқылы авторларына алғыс айтып жатыр. tobyl-torgai.kz сайты ұжымы да ...

Толығырақ »

Жомарт НҰРМАНОВ. ТЕМІРҚАЗЫҚ, ҮРКЕР және ЕСЕКҚЫРҒАН-2

(Деректі хикаяттан үзінді) Әбдісадық пен Барлық та соғысқа дейінгі үрейге толы болса да бейбіт жылдарды сағынып, оқуларын жалғастыруды армандаушы еді. Соғысқа дейін Қостанайдағы Жамбыл Жабаев атындағы қазақ мектебінен оқып келген Барлықтың білім сапасы басқа балалардан гөрі тереңдеу. Ол тек шығыс және қазақ әдебиетін ғана емес, орыс жазушылары мен ғалымдарының еңбектерін еркін оқи алатын, мазмұнын жатқа айтатын дәрежеде еді. Колхоз жұмысына ...

Толығырақ »

Жомарт НҰРМАНОВ. ТЕМІРҚАЗЫҚ, ҮРКЕР және ЕСЕКҚЫРҒАН

(Деректі хикаяттан үзінді) Бірі – әлжуаздау талдырмаш, екіншісі – шымыр денелі 15-16 жастар шамасындағы екі бозбала су жағалап келеді. Бұл – Байғабыл өзені. Қолдарында тал-қармақ, ат қылынан есілген тұзақтары бар. Сірі кеткен етіктері өкшелерін қажамауы үшін жалаңаяқтанып, иықтарына асып алған. Лақтырып кетуге бар, бірақ тозығы жеткен болса да, мұндай аяқкиім қайдан табылар? Екеуі де бидай өңді, тумысынан ақсары екенін балақ-жеңдерін ...

Толығырақ »

Жұматай таныған шындық

Тілінің тотияйыны бар сатирик, өткір тілді журналист-қаламгер Жұматай Сабыржанұлының әйгілі «Өкпелесең, өзің біл» атты кітабын әлі күнге дейін іздеп жүріп оқитындар қарасы көп. Өзі өмір сүрген қоғамның қоясын қопара ақтарған бұл дүниесі 2002 жылы автордың 55 жасында жарық көрді. Ал бірнеше жыл бұрын баспа бетін көрмеген шығармалары «Мен таныған шындық» деген атпен кітап болып басылды. Бұл кітапта, сондай-ақ, қаламы қарымды ...

Толығырақ »

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ КҮДІК

(әңгіме) Айдын үйге қатты ашуланып кірді. «Қап, бәлем, сол Айдосты ма! Бір күні сазайын тарттырайын мен оның. Әлі кішкентай ғой деп аяп жүрсем… Әйгерімнің көзінше ұятқа қалдырғаны-ай…» деп, қабырғаға ілінген әйдік айнаның алдында тұрған орындыққа отыра кетті. Әйгерім – осы ауылдағы ең сүйкімді, әдемі қыз. Айдын 3-«А» сыныбында, ал Әйгерім 3-«Б» сыныбында оқиды. Осы қызды алыстан көре қалса болды, Айдынның ...

Толығырақ »