Таспа

Таңдаулы

Апат төнгенде «аттан» емес, ауызбіршілік керек, ағайын!

Құрметті редакция! Мен Әулиекөл ауданының Көктал ауылында тұрамын. Осы жерде туып-өсіп, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген азаматтардың атынан бір ауыз базынамды жеткізгім келеді. Біздің ауылымыз аудан орталығынан қашықтау орналасқанымен, күнделікті өмірі жанданып, біреуден ілгері, біреуден кеш келе жатқан қазақы елді-мекендердің бірі. «Апат айтып келмейді» дейді. Кеше ғана күн күрт жылынып, су тасу қаупі төнгенде, біздің ауылымыздың да іргесін су ...

Толығырақ »

Арқа төсіндегі Торғай шаһарына биыл 172 жыл

Кішкентай кезімде ауылдан 60 шақырым қашықтықтағы Торғай қаласына әкеммен бірге барып едім, сонда елден шықпаған бала — мына мен Торғайда революцияға дейін салынған әсем ғимараттарды көріп таңғалған едім. Өйткені, теледидардан көріп жүрген Ленинградтың (Санкт-Петербургтың) ғимараттарындай ерекше ғимараттар дәл осы Торғайда сақталып қалған болатын. Ол үйлер қазір жоқ, білуімше, қазіргі Мұражай үйі мен тағы бір ғимарат сол дәуірдің ескерткіштеріндей болып тұр, ...

Толығырақ »

Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ: «Бейiмбеттi атқан кiм?»

Қазақ қара сөзiнiң, оның iшiнде әңгiме жанрының майталман шеберi Бейiмбет Майлиндей саңлақ қаламгердiң кейiп-кеспiрi қалмай, көзi мағынасыз бақырайып, әшейiнде маңдайынан қайырылатын күтiмдi шашы удар-дудар болып түскен суретi кiтап мұқабасының сыртында. Ерiндерi iсiнiп, бет-аузы домбыққан, телiмi шыққан қайран ер бүгiн бiздiң алдымызда осы сәтсiз бейнесi көзге тосылып тұратынын ойлады ма екен?! Кiтап авторының құпия орында — КГБ архивінде сақталған қолға түспес ...

Толығырақ »

«СКАТ» әуе компаниясының әлегі!

Бүгінгі күнге дейін қай жаққа ұшсам да Астана әуежайынан тікелей ұшатын едім. Осы жолы әртүрлі себептерге байланысты Грузия астанасы Тбилисиге билетті 20 ақпан күні онлайн тәртібімен «СКАТ» әуе компаниясының сайтынан сатып алдым. Бәрі дұрыс, сайт мақұлдап, кәртішкемнен қаражатты сыпырып алды. Яғни, Астана — Ақтау — Тбилиси — Ақтау — Астана бағытына ақшамды төлеп, билетті қалтаға салып қойдым. Сонымен, жоспарлаған уақыт ...

Толығырақ »

Андраш Жолт БИРО, Венгрия антропологиялық институтының профессоры: Кейкі батыр қазақ­­тың мүддесін қорғауды мақсат етті

Таяуда Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт БИРОМЕН әңгімелескен едік. – Биро мырза, ел аузында есімі «Кейкі батыр» деп құрмет­пен аталатын Нұрмағамбет Көкем­байұлының бас сүйегіне Венгрияда реставрация жасалғаны белгілі. Бір ғасыр бұрын мерт болған батырдың бас сүйегін антропологиялық тұрғыдан қалпына келтіру барысында қандай соны технологияға сүйендіңіздер? – Мажарстандағы антрополо­гия институты – еліміздегі ең ірі ғылы­ми орталықтың бір ...

Толығырақ »

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ КҮДІК

(әңгіме) Айдын үйге қатты ашуланып кірді. «Қап, бәлем, сол Айдосты ма! Бір күні сазайын тарттырайын мен оның. Әлі кішкентай ғой деп аяп жүрсем… Әйгерімнің көзінше ұятқа қалдырғаны-ай…» деп, қабырғаға ілінген әйдік айнаның алдында тұрған орындыққа отыра кетті. Әйгерім – осы ауылдағы ең сүйкімді, әдемі қыз. Айдын 3-«А» сыныбында, ал Әйгерім 3-«Б» сыныбында оқиды. Осы қызды алыстан көре қалса болды, Айдынның ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ: Араку тайпасын өзім ойлап таптым

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Төлен Әбдікұлының қай шы­ғар­масы болсын – ойландырады, тол­ғандырады, жүре­гіңді қозғайды, жаның­ды тазартады, рухыңды шыңдайды. «Өліара» романы, «Әке», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымың­дай­ды», «Пара­сат майданы», «Тұғыр мен ғұмыр», «Оралу», «Ақиқат» хикаяттары, «Оң қол», «Қонақтар»,  «Қайырсыз жұма», т.б. әңгіме­лері – қазақ әдебиетінің алтын қорынан ойып орын алар кесек туындылар. Ізгілікке іңкәр жүректердің гимніндей «Біз үшеу ...

Толығырақ »

Таранды қашанғы «тайраңдатып» қоямыз?!

Өзі туып-өскен ауданға Бейімбет Майлиннің есімін беруіміз қажет! Қазақ әдебиетінде өзінің орнын ойып алған ірі тұлға Бейімбет Майлинді қазаққа таныстырып жатудың өзі де артық-ау. Өткен ғасырдың сонау 1930-жылдарынан бастап әдебиет есігін имене ашқан қаламгерлердің барлығы да алдымен Би-ағаның шекпенінен шықты. Оның шығармалары өткен ғасырдың ортасына дейін жазылса да, бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Шығармалары арқылы Би-ағаның өзі де бүгінгі кем-кетігімізге ...

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 30 факт

Ол – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол – қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы. Білдей «Қазақ» газетінің бас редакторы, Алаш Орда үкіметінің белсендісі, ақын, қоғам ...

Толығырақ »

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік. Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну! Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық. Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. ...

Толығырақ »