Tag Archives: Амандық Қорғанұлы

Сарықопа

Қасиетті Торғай жерінің ЮНЕСКО тізіміне ұсынылған жері — Сарықопа туралы Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, біздің тілімізде «сары» сөзі жиі қолданылады екен, Сарыарқа, Сарыоба, Сарыөзек, Сарыадыр, Сарыөзен, Сарықопа (бір қызығы Сарыадыр арқылы Сарыөзен Сарықопаға құяды), сарыбел, сары тісті кемпір, сабыр түбі сары алтын, Сарысу, сары балапан, ал, Сары деген өзіміздің Мұнанайымыздан (Троицк) өзге іргеміздегі Челябіде де сондай ауыл бар, оны ...

Толығырақ »

Тосынқұм

Торғай жерінің бір пұшпағы — Тосынқұм туралы Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып ...

Толығырақ »

Туған жер — Торғайым

Киелі Торғай туралы толғау Туған жер — Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға ...

Толығырақ »

Туған жер – тұғырың

Әркімнің туған жері — Мысыр шәрі Туған жер – тұғырың! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні таңертең Арқалық қаласының вокзалынан таксиге отырып, Амангелді кентіне келген едік. А.Иманов атындағы мемориалдық музейді аралап болған соң, «Бистро» атты дәмханадан түскі асымызды ішіп, «Алтын Дала» резерватының офисіне бардық. Мұнда біз қорық басшылығымен жолығып, жеделдетіп аталған резерваттың «Ұлы Жыланшық» учаскесіне жол тарттық. Бұл түске таманғы ...

Толығырақ »

Іргемізді бекітпесек болмайды немесе естір құлақ болса, бізден де бір кеңес

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан халқының саны 17 млн-ға тақау болыпты (1991 жылы). Қазіргі деректерге қарасақ еліміздегі халық саны 18,5 млн-ға жуықтап қалыпты. Яғни, өсіміміз бар болғаны 1,5 млн. болып тұр ғой, бұл дегеніңіз өте аз сан. Әрине, табиғи өсім болды, дегенмен тарихи отанына кеткен жұрттардың саны да едәуір еді. Мысалы, СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Қарағанды облыстарының 30 жыл ...

Толығырақ »

Алтын Дала

«Алтын Дала»! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні түс кезінде Амангелді кентінен «Алтын Дала» резерватының «Ұлы Жыланшық» учаскесіне бағыт алдық. Жалпы, резерват Қазақстанда құрылған қорықтардың ішінде еліміз тәуелсіздік алған жылдары құрылған резерваттардың бірі. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты — Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарының аумағында орналасқан резерват. 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы қазақ мектебі жайы туралы

Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Мен оны әрі жалғастырып, бала тәрбиесінің отбасына, ошақ-қасына, ал білімінің мектепке де қатысы бар екенін айқым келеді. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.» депті ...

Толығырақ »

Құпиясын қойнына бүккен Дуана тамы

Менің түсінігімде диуана (дуана) деген ел кезген, жер кезген, дүниеден баз кешкен адамды айтады және ол дінді де таратушы, былайша айтқанда дін жолында өзін құрбан қылған, «темір етігі теңгедей, темір таяғы тебендей» болған жанды көзге елестетемін. Мұны еске алып отырғаным, біздің Ұлытаумен шектес Торғай жерінің басын Ұлытаудан алатын Ұлы Жыланшық өзенінің бойында Дуана атты кесене бар. Осыдан үш жыл бұрын ...

Толығырақ »

Даланың дарабозы – Құлан Кейкі мерген

  Өткенде «Qazaqstan” телерадиокорпорациясы Кейкі батыр жайлы телехикая түсіруді жоспарлап жатырғаны туралы ақпарат тараған болатын, әрине даланың дарабозы – Кейкі туралы қанша айтсақ та, жазсақ та артық болмайды. Осы ретте, Кейкі батыр туралы мына мақаланы назарларыңызға ұсынамын. Кейкінің руы Құлан, Қыпшақ заты Асынған найза, қылыш, белде сапы. Жеткізбес жер басқанда құстан басқа Астында Әбділдәнің Шұбар аты. (ел аузынан) 1-сурет. Кейкі батыр, ...

Толығырақ »

Бауыры үшін қос баласын құрбандыққа шалған ана туралы

Баянаула – Ертіс жерінің Ақкөл-Жайылма аталатын аймағын Мұстафаның ата-бабасы әлімсақтан мекен етіп келеді.  Мұстафаның да бұл күнге жеткені кеше ғана емес, қоян жылы елде жұт болып талай мыңғырған малы бар небір байлар тақыр кедейге айналған еді. Сол уақытта Мұстафаның ата-анасы Керекуге барып жатақ болды. Бірнеше жыл қиындық көріп, кейін жағдайлары түзелген соң туған ауылдарына қайтып келді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды ...

Толығырақ »