Tag Archives: Жангелдин ауданы

Торғай аймағын дамытуға 504,4 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту мақсатымен Арқалық қаласының кешенді жоспарының жобасы Қостанай облысының аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылды. Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жалпы сомасы 504,4 млрд теңге ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Астана» телеарнасының мәліметінше, ауданға қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауызсусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы. Оқи отырыңыз: Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс ...

Толығырақ »

«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі

Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты

2020 жылы Жанкелдин ауданы Шилі ауылының сыртындағы бөгетке күрделі жөндеу жүргізілген еді. Оған қазынадан 194 миллионға жуық қаржы бөлінді. Бірақ салынғанына көп уақыт өтпеген сол тоған келесі көктемдегі қарғын суға шыдас берген жоқ. Ел арасында, әсіресе, ғаламторда, әлеуметтік желіде бөгеттің сапасыз салынғаны туралы ақпарат кең тарап кетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап.   Былтыр құзырлы органдар осы мәселеге ...

Толығырақ »

«Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды»: Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің facebook-парақшасында жазды. «Қостанай облысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланды! Достар, әзілді қоя тұрайық! 600 мың теңгеге салынған ағаш дәретхана тек бастамасы болды! Сарапшылар Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ...

Толығырақ »

Торғай өңірін түлетудің төте жолы – инвестиция тарту: Арқалықта бизнес-форум өтті

Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың  инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...

Толығырақ »

Торғайда ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған

Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды. Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті: 1. Ағаштан жасалған қоршау: ...

Толығырақ »

Торғайда 200 млн теңгеге салынған бөгет 2 жылда бұзылды (ВИДЕО)

Екі жыл бұрын республикалық бюджеттен 194 млн теңге бөлініп, қолданысқа берілген бөгет бұзылып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Бөгет құрылысын Шилі ауылының халқы 30 жыл бойы күткен. Енді пайдасы болмай тұр. Жаңа бөгеттің тереңдігі бір метрге жетпейтіндіктен су әр жерде шалшық болып қалған. Күннен-күнге бетонды блоктардың астымен із тауып ағып жатыр. Қалғаны күзге дейін тартылып қалуы әбден мүмкін. ...

Толығырақ »

Торғайдың болашағы – туризмде

Қостанай облысының Жанкелдин ауданы өңір аймағының 19 процентін құрайды. Жеріміздің үлкендегі оның ланшафтының әралуандылығына, жануарлар мен құстар әлемінің көптүрлілігіне алып келеді. Бұл ретте, аймақты дамытудың драйверлерінің бірі туризм десек артық айтқандық емес. Туризм демекші, Торғай туризміне түреннен жол салған ағайынды Амандық, Талғат және Жәнібек Әмірхамзиндер екенін бәрі біледі. Олардың «Тылсым Торғайға туры» жыл сайын өзге аймақ тұрғындары тарапынан қызығушылық тудырып, ...

Толығырақ »

Торғай аймағында фабрикалар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады

Инвесторлар Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарында ірі кәсіп бастауға ниетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірнеше компания басшыларымен кездесу өткізді. 1. «SRS Holding LTD» компаниясы құрамында алтын бар және полиметалл кендерін қайта өңдеу бойынша жобаларды ұсынды. Компания Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында 3 ...

Толығырақ »