Tag Archives: Мұғалімдер

0-сынып 2020 жылы енгізіледі — Білім және ғылым министрі

Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев нөлінші сыныпты енгізудің неліктен 2020 жылға ауыстырылғанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 75 мың мұғалім біліктілік курсынан өтеді, 30 мың мұғалім кретериалды бағалау және оқытудың әдістері секілді тренерлік курстарынан өтеді. «Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты 2019 жылы енгізу қойылған. Бірыңғай бағдарлама мен мұғалімдер ...

Толығырақ »

Мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды

Қазақстанда мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына енгізілген. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін ...

Толығырақ »

Мұғалімдердің жалақысы қаншаға өседі?

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова орта білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламаға көшірілуіне орай мұғалімдердің жалақысы қалай өзгеретінін мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Вице-министрдің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын көтеру білім берудің жаңа мазмұнына көшумен тікелей байланысты. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып ұстаздарының лауазымдық жалақысы көбейеді. Ал қыркүйек айынан ...

Толығырақ »