Tag Archives: Торғай

Торғайдан Түркістанға дейін немесе туризм туралы толғану

А.ӘМІРХАМЗИН, өлкетанушы: «Ұланғайыр даламыздың қай түпкірін алсақ та қала жұртын кездестіруге болады»   «Жүргенге жөргем ілігеді». Қазақтың осы бір мақалын біз, жиһанкездер қауымы жақсы көреміз. «Жөргем» дегеніміз тек қолға іліге кететін пендеуи түсініктегі пайда көретін материал ғана емес, рухани азық пен эстетикалық ләззат та болуы мүмкін. Батыстың қолы қалт ете қалса ел кезіп кететін саяхатшыл қауымының дүниетанымы да сол – ...

Толығырақ »

Алтын қолды абзал адам

Марат аға! Бұл сәби күннен санада сақталған, жүректе жатталған, аса құрметпен аталар есім еді. Марат ағаның отпускіге келуі – Көкалат үшін тосын мереке іспетті еді. Елдің бәрі сыйлы мейманды қонаққа шақыруға кезекке тұрар еді. Апам әулеттің қыздарының ауылдағы үлкені болғасын, алдыңғы кезек біздің үйге тиер еді. Сол күні тәтелерім үйдің кішкентайы мені жуындырып, киіндіріп, жұтындырып қояр еді. Әдетте өзіне меншіктеп, ...

Толығырақ »

Торғынбек Әміров, боксшы: «Жеңісімді Торғай жұртына арнаймын»

MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алған боксшы Торғынбек Әміров ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында жекпе-жектері туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Күні кеше Алматыда қазақстандық боксшылар танымал MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасты. Турнирде алғашқы жеңісті Торғынбек Әміров (3-0, 0 КО) қанжығасына байлады. Ол төрешілер шешімімен Әлімжан Тұрсыновтан басым түсті. Торғынбек Әміров келісімшарттан бөлек, екі чемпиондық ...

Толығырақ »

Торғайда әйелді қасқыр талап тастады

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл ақпартты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады. Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген. Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол ...

Толығырақ »

Алтын Ордаға — 750 жыл: Жангелдин аудандық Тілдерді оқыту орталығы онлайн дөңгелек үстел өткізді

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің аудандық Тілдерді оқыту орталығы Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Іс-шараны орталық директоры Гүлім Ысмағұл құттықтау сөз сөйлеп ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан болатын» деген мекеме басшысы, тарих беттерінен ойып ...

Толығырақ »

Торғай халқы Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге қарсы!

Орталық-Батыс күре жолының бағытын өзгертуге Торғай өңірінің халқы түбегейлі қарсы. Қазақстандағы Биоалуандықты сақтау қауымдастығы автомагистраль Торғай даласы арқылы өтсе, киіктердің өсімі күрт төмендейді деп мәлімдеген болатын. Алайда осы жолдың салынуын ондаған жыл бойы күткен жергілікті жұрт мұндай уәж мүлде қисынсыз деп есептейді.   Борпылдаған топырақ, бұрқыраған шаң. Аманкелді, Жанкелдин ауылдарына баратын жолдардың бәрі осындай. Бетіне асфальт төселмеген, қар еріп, жаңбыр жауса, ...

Толығырақ »

Торғай неге туристерге тарс жабық

немесе геоглифтерді трактор таптап жатыр! Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мың­жылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есім­дері ұмытылмаған көне карфа­ген­дік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, фран­цискалық Гильом де Рубрук, вене­циялық Марко Пололар ғылымда орта ғасыр­лардағы жағрапиялық жаңа ашу­ларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, ...

Толығырақ »

Торғайдың дәстүрлі қылқобыз орындаушылары туралы

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде көнеден жеткен қобыз аспабы киелі саналады. Қоңыр дауысты, тембрі бай, мұңлы-зарлы үні бар қобызды екінің бірі ойнай бермеген. Көп жағдайда жыраулар мен абыздар, бақсылар қолданған қобыз әдеттегі саз аспабы емес, бақсы-шамандардың құралы деген де пікірлер қалыптасқан. Қазақ арасындағы аңызда қобызды ойлап тауып, алғаш тартқан адам Қорқыт деп айтылады. Осы Қорқыттан қалған қобызшылық өнер Торғай өңірінде де ...

Толығырақ »