Таспа

Tag Archives: Қостанай облысы

Қостанай облысында сібір жарасы өршіп кетті

Қостанай облысында Сібір жарасы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындады. Ірі мал бордақылау шаруашылықтарының бірінде малдар қырылып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Людмила Налобина мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оның айтуынша, өлім себептерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында үш тұрғын ауруды жұқтырып алған. Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Мамандардың ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тұрғындар сібір жарасын жұқтырып жатыр

Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, жара адамдарға малдан жұққан. Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада ірі шаруашылықтардың бірінде мал шығыны да бар екені айтылған. Эпидемиологтар мен мал дәрігерлері сібір жарасы қоздырғышының себебін білді. Алайда инфекция көзі әзірге анықталған жоқ. «Қазір жараны жұқтыру ошағында эпидемияға қарсы және ...

Толығырақ »

Меңдіқара ауданының Ұзынағаш халқы қазақ мектебінің жабылуына қарсы (ВИДЕО)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылының халқы қазақ мектебінің жабылуына қарсы, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Аtameken Business-ке сілтеме жасап. Жол азабына шыдамаған тұрғындар елді мекеннен жаппай көшіп жатыр. Енді мектеп жабылса, бұл ауылда шекараға жақын орналасқан басқа мекендер сияқты жойылып кету қаупі бар. Осылайша, Ресейдің іргесінде орналасқан ауылдың күйі қашқан…

Толығырақ »

«Кім жөндеп береді?»: Әулиекөлдің үйлеріне газ тартылған тұрғындары алаңдап отыр

Қостанай облысында Әулиекол ауылының тұрғындары газ құбырын тарту жұмыстары дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып, шағымданды. Газды су құбырының үстінен өткізіп жатыр екен. Ал бұл адам өмірі үшін қауіпті деп отыр олар. Себебі ондай жағдайда тұрғындар не сусыз қалады, не жарылыс болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.  Әулиекөл ауылының тұрғыны Татьяна Андерс бұл апаттық жағдай екенін айтады. Мұны бізге кім ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол-көлік апатынан үш бала қаза тапты

26 маусымда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында Renfult-Sandera көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жүк көлігін басып озған кезде Lexus-пен соқтығысқан деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renfult-Sandera автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы, екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста көз жұмды. Осы көлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды.   фото: дереккөз

Толығырақ »

Қостанайда 155 волонтёр билік уәде еткен өтемақыны ала алмай жүр

Олар қыс бойы қарттар мен мұқтаж жандар үйін қардан тазалап, басқа да шаруасына көмек берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.  «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы шеңберінде әрқайсысына 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін төленуі тиіс еді. Бірақ уәде етілген сома сегіз айдан бері әлі жоқ. Бұған Білім және ғылым министрлігінің өтемақы төлеудің тиянақты механизмін әзірлемеуі себеп болған. Студенттерді ...

Толығырақ »

Маусымда Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады

Синоптиктердің болжауынша, маусым айында құрғақшылық болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан территориясының басым аумағындағы ылғалдылық статистикалық болжамына сәйкес, маусым айында ылғал жеткіліксіз болады деп болжайды. «Ақмола (Жақсын ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), ШҚО (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжанады», — деп ...

Толығырақ »

Қостанайда карантин талаптарын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

Қостанай облысының тұрғындарына карантин режимін сақтамағаны үшін 34 млн теңгеге жуық айыппұл салынды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында карантин талаптарының жеңілдетілгеніне қарамастан мониторинг топтарының жұмысы жалғасып жатыр. «Жыл басынан Қостанай облысының мониторинг топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың бес жүзден астам оқиғасын анықтады. Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені ...

Толығырақ »

Ресей зымырандарының құлау аймағы ретінде Жангелдин ауданы таңдалған

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды деп хабарлайды BAQ.KZ.  Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметі поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған. «Осы келісім бүкіл әлемді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге ...

Толығырақ »

Облыс әкімдігінде мәдениет саласының мәселелері қаралды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әкімдіктің кеңейтілген отырысын өткізіп, жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібін талқылалды және облыс аумағындағы мәдениет нысандарының жай-күйі мен мәдениет саласының инфрақұрылымдық даму перспективалары туралы мәселесін қарады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Тапсырмалардың орындалуын бақылау мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету ...

Толығырақ »