Tag Archives: Қостанай облысы

Облыстың «Торғай» деп аталуына қарсымын — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс атауын Торғай деп өзгерту жөніндегі бастамаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі timepress.kz желілік басылымына сілтеме жасап. Брифингте бастамашыл топтың аймақ атауын өзгертуге қатысты ашық хаты туралы сұрақ қойылған. «Ол хатпен таныспын. Көрдім. Жалпы ұстанымым – қарсымын, өйткені Қостанай облысының өзінің тарихтан келе жатқан байырғы атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 ...

Толығырақ »

Қостанай облысында «Балалар университеті» ашылды

Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Мичурин селосында «Балалар университеті» ашылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Triera.kz кәсіпорнының директоры Игорь Пирогқа сілтеме жасап. «Бірнеше мұғаліміміз бар, Израиль-американдық бағдарламамен жұмыс істейді. Балаларға «сен қате айттың немесе дұрыс айттың» деген баға қойылмайды.Басты бағыт – баланы сөйлету, ол қате айтса да айтты ғой. Егер бала қате айтса, дұрыс айтқан балаға қарап, қате жерін өзі түзейді, – ...

Толығырақ »

Алматы облысы Қостанайдан 50 трактор, 35 автобус сатып алады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қостанайға жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мақсат – Қостанай облысының инвестициялық әлеуетімен танысу, екіжақты тәжірибе алмасу. Әуелі алматылық меймандар «Баян Сұлу» кондитер фабрикасына барды. Биыл фабрика экспорт көлемін едәуір ұлғайтқан. Былтыр мұнда екі ірі цех іске қосылып, «ALBO» конфеті және шоколадпен оралған печенье шығарыла бастады. «Баян сұлу» басшысы ...

Толығырақ »

Қостанай облысы астық жинау науқанын аяқтады

Қостанай облысының шаруалары астық жинау науқанын аяқтады. Биыл орташа өнімділік гектарына 12,8 центнерді құрады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағандықов хабарлады. Жалпы, биыл 5 млн 214 мың тонна астық жиналған. Орташа түсімділік 12,8 центнерді құраған, 2017 жылы бұл көрсеткіш 12,5 болған. «Әр жылы егін жинау науқанының өз ерекшелігі болады. Жалпы, осы жылды жақсы аяқтап жатырмыз. Түсімділік ...

Толығырақ »

Цифрландыру бағдарламасы: Қостанайда 130 жоба іске асады

Қостанайдағы пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативі (ПИТК) «е-Қостанай» жүйесіне қосылады. Облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов Қостанайдағы ПИТК жаңа жүйеге көшетінін айтты. «Қостанайда «Ақылды бағдаршам», «Ақылды транспорт» және SmartKostanay сынды мобильді қосымшалар іске қосылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің қабырғаларына QR-кодтар орнатылды. ...

Толығырақ »

Инвестициялық жобаларға — 251 млрд теңге

Қостанайда «Kostanay-Invest 2018» екінші халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум қатысушылары алдымен Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа барып, олар ауыл шаруашылығы зауытының жұмысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, мұнда «Беларус» тракторлары құрастырылады. Облыстық филармонияда өткен пленарлық отырыста аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті таныстырылды. «Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті: келешегі, жаңа мүмкіндіктер мен ...

Толығырақ »

Жастар саясатын іске асыру бойынша қосымша қаражат қарастырылады

Облыс әкімдігінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Актив мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, облыстық мәслихат хатшысы, жоғары оқу орындарының ректорлары, онлайн режимде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы Жолдау әрбір шаңырақтың, әр азаматтың жағдайын жақсартуға арналғанын ...

Толығырақ »

Астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтеді

1-2 қыркүйекте елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 2 күн болатын жәрмеңкеде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылымға шығарады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден ...

Толығырақ »

«Өлкетану» оқулығы өрендерді патриоттыққа жетелейді

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің мектептерінде 5,6,7-сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» оқулығы енгізілетін болады. Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы білім беру басқармаларының ұйғарымымен бекітілген тарихшы, өлкетанушы ғалымдар, әдістемеші-педагог мамандардың жұмыс тобы академик К.Байпақовтың жетекшілігімен жарты жылға жуық уақытта «Өлкетану» оқулығын әзірледі. Жаңа оқулыққа авторлар тарапынан туып-өскен өлкенің тарихы мен әдебиеті, өнері және табиғи-географиялық ерекшеліктері туралы мағұлматтар енгізілді. Оқулықтың кәсіби деңгейде ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 1 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр

Облыс әкімдігінде Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен «7-20-25» тұрғын үй бағдар­ламасының аймақта жүзеге асырылу жайы талқыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданының әкімдері және ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы мен екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты. «Биылғы жылдың 31 мамырында «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарламаның арқасында 2018-2021 жылдар аралығында Қостанай ...

Толығырақ »